темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Әлем футболындағы жаңалықтар

Әлемнің үздік қақпашыларының бірі Петр Чех жақын арада клуб ауыстыруы мүмкін деген қауесеттер тарағанына да біраз уақыт өтті. Жазда «Челсиға» Жозе Моуриньо келгелі бері, «Атлетикоға» жалға берілген Тибо Куртуа қайтарылып, бірден «ақсүйектердің» негізгі қақпашысы болып тағайындалған. Ал, 32 жасар тәжірбиелі, 10 жылдан бері «Челсидің’ қақпасын қорғап келе жатқан Петр Чех қосалқы құрамға отыруға мәжбүр болды. Әрине, бұл жағдай Чехты қанағаттындырмайтыны түсінікті. Баспасөз беттерінде басқа клубқа ауысқысы келетінін жасырмайды. Тіпті, қаңтарда-ақ кетуі мүмкін. Ол үшін Чех үшін басқа қалаға көшудің қажеті жоқ, лондондық «Арсенал» қызығушылық танытып отыр.

«Зеңбірекшілердің» бас бапкері Арсен Венгер Петр Чех, Арсеналдың қазіргі негізгі қақпашысы Щесныға жақсы бәсекелес болар еді дейді. Чех үшін олар 7 миллион еуроны қиюға дайын.

Ал, туриндік «Ювентус» Эрик Ламеланы өз қатарына қосудың жолдарын іздестіріп жүр. «Ювентус» лондондық «Тоттенхэмға’ қызық ұсыныс жасағалы отыр. Италияға Эрик Ламела аттанады да, ал «кәрі сеньора» «Уайт Харт Лэйнға» Себастьян Джовинконы жібермекші. «Тоттенхэмды» бұл ұсыныс қызықтырады, қызықтырмайды деп болжам айту қиын, себебі бас жаттықтырушы Почеттино бұл аргентиналық қорғаушыға сенеді. Бірақ, сенімін ақтай алмай, жақсы ойын өрнегін көрсете алмай жүргенін ескерсек, Ламеланың «А Сериясына» ауысып қалуы әбден мүмкін. Италия чемпионаты Ламела секілді техникасы жоғары деңгейдегі футболшы үшін қолайлы жер.

Дортмундық «Боруссия» негізгі қорғаушысы Хуммельсты жіберуге көнген секілді. Бұндай жұлдызды қорғаушыны ұстап отыруға дормундықтардың,  дәл бүгінгі жағдайымен қауқары жетпейтіні түсінікті. Қысқы трансферде Хуммельс кетеді деген әңгімелер өрбір жүр. Оны өзі де жоққа шығармайды.

Бірақ, клуб басшылығы Хуммельсты арзанға сатпайтынын да мәлімдеп отыр. Болар жері 50 миллион еуро. Басты үміткер «Манчестер Юнайтед». Қызыл сойқандардың қорғанысының осалдығын ескерсек, Луи ван Галдың қаңтардағағы басты жоспары қорғаушы сатып алу екені түсінікті. Видич, Фердинандтардың ізбасары көрінбейді. Сондықтан, «Манчестер Юнайтед» міндетті түрде Хуммельс жайлы дортмундықтармен байланысқа түсуі мүмкін.

«Портудың» шабуылшысы Джексон Мартинес те қантарда клуб ауыстыруы мүмкін. Колумбиялық шабуылшыны «Ливерпуль» өз құрамында көргісі келеді екен. Британиялық бұқаралық ақпарат құралдарына сенсек, «қызылдар» ресми ұсыныс жасағалы отыр. Ұсынылатын ақша да жаман емес,  36 милиион еуро. Жақында ғана, Мартинестің өзі де топ-клубқа ауысқы келетінін айтқан. Ал, «Ливерпульдің» де шабуылшығы зәру екені түсінікті. Луис Суарес кеткелі, Брендан Роджерс командасының шабуыл шебі аянышты хәлде.

«Манчестер Юнайтед» Виктор Вальдеспен келісім-шартқа отыруға асығар емес. Футболшы қазір ван Гал командасымен жаттығып жүр. Жақын арада-ақ «Манчестер Юнайтед» ойыншысы аталады деп болжанған, бірақ клуб басшылығы қақпашының әлі де болса тізе жарақатынан толық айықпағанын, айыққанның өзіңде бұрынғы дейгейіндегідей ойын өрнегін көрсете ала ма, жоқ па дегенді ескеріп тәуекелге барғысы келмейтінін мәлімдеді.

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.