темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Адал жүрек Стивен Джеррард

1420306683_stivi

Бар жоғы 25 жасында ұлы деген атаққа ие болған адамды білесіз бе? Ұлылығының алдында еріксіз бас идірген? Ондай адамдар өмірде сирек кездеседі. Футбол әлеміндегі Пеле, Марадона, Зидан, Роналдо, Лэмпард секілді даңқты жандар аңыз атағына дәл қай күні, қай сәтте ие болғанын білмеймін. Ал, Джеррард әлемге ұлылығын 2005-ші жылы Стамбулда мойындатқан болатын. Сол кезде-ақ футбол тарихына атын алтын әріптермен жазған еді. Дәл сол аңызға айналған Чемпиондар Лигасының финалында. Қайсар мінезімен. Жеңіске әуелі, өзің сендіруімен, кейін әріптестерін жеңіске жетелеуімен, одан кейін миллиондаған жанкүйерлердің бойына бақыттық сезімді ұялатуымен. Футболдағы сондай ұлы матчты көру үшін ғана өмірге келуге болады. Тарихтағы ғажап сәт.

Ондай сәттер Джеррард үшін нағыз шайқас. Бұл жан шайқасу үшін туылған. Жеңіліс өліммен пара-пар. Жеңіске жету үшін алаңда жанын аямайды, денсаулық сыр берсе де жүгіруге дайын. Ондай жанкештілікті Джеррард әріптестерінен, бүкіл командадан, «Ливерпульден» сезінгісі келетін.
Сезінді. Белгілі бір сәтке дейін. Осыдан алты жылдай уақыт бұрын «Ливерпульдің» басына қара бұлт төнген еді. Командадан жеңіске деген жігер жоғалды, қайсар мінездің жұрнағы да қалмады. Құрам жоғарғы орындарға таласуға сай келмейтін еді. Сол сәтте Джеррард командадан кету жайлы да ойлады. Бойда кез келген топ-клубтың сапын мығымдар күш бар. Талай-талай ұсыныстар да түсіп жатты. «Реал Мадридтен», «Челсиден», «Манчестер Юнайтедтен». Кетпесе, сүлдері қалған командамен қандай жеңіске жетпек? Кетсе, өзіңе табынатын миллиондаған жандардың, «Ливерпуль» жанкүйерлеріне қай бетімен қарамақ? Не деп ақталмақ? Жарайды, бәріне қолын бір-ақ сілтеп кетті. «Реалға» барар, «Челсиға» барар. Ірі-ірі жеңістерге жетер. Бірақ, Ливерпульде жүрегіндегі командасы құлдырап жатқан да, тән рахаты үшін таңдаған командасымен қалайша бақытты болмақ? Басқа командаға кетсе жаны қиналатының білді. Сондықтан кетпеді, сүлдері қалған, ығай мен сығай жиналған команданың намысын қорғауға бел буды. Ар азабын тартпас үшін.

Былтырғы маусымның жайы бір бөлек. «Қызылдардың» бойына қан жүгірді, «Ливерпульде» чемпиондыққа таласуға қауқары бар команда жасақталды. Суарес, Стерлинг, Старридж секілді жас, әрі жеңіске ынталы футболшылар келді. Джеррард бұндай жігіттермен АПЛ-дың алтынына таласуға боларын сезінді. Дәл осы трофей Джеррардқа бұйырмай келген еді.. Сондықтан, әр матчта бар жанын салды. Команда алаңда қиналған сәтте команда бойына рух сіңдіріп сүйреді.
«Ливерпуль» 2013-2014 маусымда чемпион болуы керек еді. Тым болмаса, Джеррард үшін. Әрине, орыстың миллиардер шенеуігі мен, арабтың шейхтары да алтыннан үмітті еді. Бірақ, әлемдегі ең сабырлы, қайсар жанға чемпион атағы бұйырғанда қара қылды қақ жарған әділдік орнар еді.
Кейде өмірдің соншалықты қатал болатыны бар. «Ливерпуль» жеңіліп қана қоймады, Джеаррардтың қателігінің салдарынан қолда тұрған алтыннан айырылды. Жауапты сәтте сүрінде де, өз қақпасына гол соғылуына себепкер болды. Джеррардты сыйлайтын әрбір жан: «Құдай ау, бұл не деген қатігездік! Бұлай болу мүмкін емес! Әділдік қайда?»-деп зар илеген болатын.
Сол бір қателік Джеррардтың сағын сындырды. Бойынан күш-қайрат кеткенін сезді. Ойынында жиі қателіктер пайда болды. Қорғанысқа көмектесе алмайды, шабуыл шебін де басқарар қауқар жоқ. Жылдамдық кетті.


Соңғы аптаның басты жаңалығы, бәлкім миллиондаған адамдар үшін қаралы хабары, Стивен Джеррардтың маусым аяқталысымен клубтан кету жайлы қабылдаған шешімі. Білесіз бе, Джеррард секілді адалдықты ту еткен жандар мәңгі бір орында қалғанын қалайсың. Джеррард «Ливерпуль» үшін жаралған. Дегенмен, клуб та, футболшының өзі де дұрыс шешім қабылдады. Капитан шаршады, капитан АПЛ-дың қатал шайқасына шыдаудан қалды. Қосалқы құрамда отыру Джеррардқа тән емес. «Ливерпуль» Джеррардсыз өмір сүруді үйрену керек. «Ливеруль» үшін аты мәңгілік болса да, Джеррард та ет пен сүйектен жаралған адам, заты мәңгілік емес. Клубтың болашағы үшін Джеаррард дұрыс шешім қабылдады.
Соңғы ақпараттарға сеңсек, Стиви футболшылық мансабын мұхиттың ар жағында, «LA GALAXY» клубында жалғастырады. Бейтаныс жер, жаңа өмір, табынушылардың махаббатына бөлену. Дегенмен де, Джеррардтың футболшылық ғұмыры аянышты, аяғы өкінішке толы. Бірақ, сонымен қатар, тіпті «Ливерпульдің» жанкүйері болмасаң да, Джеррард секілді қайталанбас футбол шеберінің, арлы азаматтың ойынының тамашалағанына бойында әрқашанда мақтаныш сезім жүрері анық.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

1 комментарий к записи “Адал жүрек Стивен Джеррард”

  1. данияр:

    Бала кезимнен Ливерпульдын жайнкуйеримин атап айтканда Стив Жеррардтын Жеррардсыз Ливерпульды елестете алмаймын


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.