темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Бавария» жейдесін жеңіп ал!

IMG-20150310-WA0020-1

 

«Аладоп» сайты пікірлер додасын одан əрі жалғастырады. Өздеріңіз білетіндей алдыңғы екі байқауымызда «Барселона» жəне «Реал» жейделері сарапқа салынған еді. Ендігі кезекте «Бавария» жейдесі. Жүлдені қоюшы жас кəсіпкер Əділ Жүсіпов есімді азамат. 

Жейдені жеңіп алу үшін сайт бетінде шыққан мақалаларға байланысты пікір жазуыңыз қажет. Көп əрі сапалы ой білдірген оқырман жейденің жеңімпазы атанады. Ой бөлісіңіздер, пікірлеріңізді ортаға салып өзіңіздің футболға деген көзқарасыңызды айтыңыздар. Ойыңызды əдемі жеткізе білу бұл мəдениеттіліктің əрі зияткерліктің белгісі. Жарыс қорытындысы 22-Наурыз күні анықталады.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

26 комментариев к записи “«Бавария» жейдесін жеңіп ал!”

  1. Шыңғыс Алшынов:

    Қатысып көрейін жақсы. Ұтып жатсам дос балдарга подарка ретинде берермин.)

  2. Магжан:

    Ассаламуагалейкум! Арине бул маселе бугинги танда казак футболындагы айтуга турарлык маселе болып турганы рас.Бул маселеге тек кана бир жагынан караган дурыс емес.Иа, копшилик Казакстанда казактар ойнауы деген пикирди колдайтыны рас, алайда бугинги тандагы елимиздин футболдагы жагдайына назар аударган жон (138 орын).Менин ойымша басекелестик болмаган жерде натижиеде болмайды. Сондыктан аталган ойыншылардын Казакстан азаматтын алуын баска жагынан караган жок деп ойлаймын. Егерде мемлекетке сол ойыншылардан пайда тиип жатса онын неси жаман? Футбол командалык ойын екенин умытпаган жон! Ануранды айтканда ауыздарын жыбырлатып, журегин устап турган ойыншылар казыр аз емес улттык курамада.

  3. Айдархан Сейтжанов:

    менің пікірім мынадай екі түрлі,біріншісінеміс ойыншысының біздің ұлттық құрамаға уақытша пайдасы болар себебі неміс ойыншылары жоғары деңгейде жаксы өнер көрсете алады сол себепті алдыңғы ойындарда команданы алға суйреуі мумкін бірак екінші жаман жағы егер бұлай шет елдердың азаматтарымен ұлттық құрамамызды толтыра берсек оның несі ұлттық құрама болмақ?футболымыздың болашағына бір жағынан кері әсерін беруі мумкін деп ойлаймын ))ал сіздер қалай ойлайсыздар?менің пікірім осы!!!
    Ұлттық құраманың жанкуйері әрі жанашыры жане болашак ойншылырының бірі болуға тырысатын Сейтжанов Айдархан

  4. MAGAU:

    Керемет!

  5. Бауыржан Мағау:

    Осындай сайыс ұйымдастырғаныңызға үлкен рахмет!

  6. Еркебулан:

    Басқа клубтардың жейдесі ойнатылғанда онша мән бермеп едім,енді Баварияның жейдесін көргенде қуанғаным рас.Бірақ мында небір пікір жазғыштар бар екен.Менің жеңіп алатын мүмкіндігім аз екен.Үмітсіз шайтан деген.Қарсыластарыма сәттілік,өзіме жеңіс тілеймін!

  7. Еркин Муратов:

    казак футболы кыл устинде, жасыргын-ак келеди-ау бирак коз коринип турган ащы акикат осы. енди такырыпка токталалык. биздин курамага алемде, кала берди кари курлыкта уздик демей-ак кояйын, бирак та ортанкол ойын орнегин корсетип журген ойыншы керек. мысалга келтирсек швецияны торге суйреп журген Ибра, австриянын болашагы Алаба, армения десен алдымен Г.Мхитарян, грузиянын атакты футболшысы К.каладзе,кезинде румыниядан 10 шыны танымасак та А. Мутуды блетин едик. бул бириншиден Меркел егер жаксы ойнап жатса баска да отандастарымыз онымен тажирбие болисип тендесуге тырысар еди. екиншиден шетел скауттары казакстандык жас футболшыларга назар салар еди. Меркель, В.Покотилов, Б.Исламхан, Хижниченко бастаган жигиттердин алар асуы али алда. Казак футболына колдау корсетейк.

  8. Адилет:

    Арсеналдын жейдесі қашан шығар екен)))

  9. Ardak:

    Казакстан футболын котеру ушин ен алдымен бир мыкты жуйеге калыптастыру керек,ягни,сол бир турнир аркылы букил елдеги жас жеткиншектер катыса алатындай,ауыл аралык аудан аралык чемпиондарды облыска апарып,сол турнир аркылы мыкты жастарды ириктеп алсак,ар облыстан кем дегенде 2 дарынды футболшыны тапсак,сол жастармен мыкты 3-4 бапкер жумыс жасаса натиже кореримиз анык,жане осылай жыл сайын жалгаса берсе 10 жылдын колеминде жаксы жетистикке жетуимиз мумкин.Ол ушин арбир ауылга 1бапкер мен доп формаларын алып берсе ауыл жастары стадионды оздери ак тауып алады.Бапкерге жане баска шыгындарга каржы табылады деген ойдамын (согурлым 13 жылда каншама акшлегионеровлерге кетти гой)ари каншама ауыл азаматтары жумыспен камтылады,жастарымыз уакыттарын кур боска откизбейди,дени сау физикалык мыкты болып шыгады.Менин козкарасымда казак футболын котерудин бир жолы осы.Футбол деген алемде ен танымал спорт бола тура, шыгыны баска спортпен салыстырганда оте аз,жане елимиз экономикасы жаксы кезде оз футболымызды котерип алуымыз керек!

  10. Менің көкейімді тескен бір мәселе бар еді. Ол қазақ футболының инфрақұрылымы туралы. Елімізде Еуропалық стандартқа толықтай жауап беретін екі ғана стадион бар. Олар Астана қаласындағы «Астана-Арена» және Алматы қаласындағы орталық стадион. Осыдан екі жыл бұрын Қарағандылық «Шахтер» Чемпиондар Лигасының екі матчын, Еуропа Лигасының 3 матчын Астана да қабылдады. Әрине Қарағандылық жанкүйерлерге обал. Өздерінің сүйікті командасын өз қаласында қолдағысы қеледі. Біздің де «Ордабасы» осыдан 4 жыл бұрын Еуро лига ойындарын Шымкентте емес Алматыда қабылдады. Биыл ғана өзіміздің «Қажымұхан Мұңайтпасұлы» атындағы орталық стадионда қабылдауға рұхсат беріпті. Биылғы премьер лигамызда басталып кетті. 1- турда ойындары «Атырау», «Ақтөбе», «Тараз» клубтары қосалқы алаңда қабылдады. Ал «Оқжетпес» Астана-Арена да, «Жетісу» Алматыда ойнады. Көршіміз Өзбекстан Ташкен қаласында 35 мың адамға арналған тамаша стадион салып берді. Сол стадионды әлеуметтік желілерде кейбір қазақ жанкүйер «қой ей бұл Бразилияғой» деп жатты. Міне қараңыз. Мен түсінбеймін. Өзбектер өз жерінде күн көре алмай Қазақстанға келіп жатыр. Сонда біздің олардан қай жеріміз кем. Қорытындыласам қарап отырсаң жанкүйерлерге жаның ашиды. Мен ойымша қазақ футболының дамуы осы инфрақұрылымға тікелей байланысты.

  11. айдос:

    Ассаламуағалейкум!Əділ аға қазіргі кезде спорттағы ең ірі мәселе деп қазақ футболын айтуға болады.Қазақ футболына жаны ашитын адамдар бұрыннан бері шырылдап айтып жүрген футболды ауылдын іздеу керек.Қазіргі ұлттық құрамада көбі орыс олар қазақстанға қайдан жаны ашысын олар ақшасын алып жүре береді.Одан көрі ауылдығы мен деген балалрды іріктеп алып дайындау керек.Сол кезде қазақ балалары намыстанып ойнаса алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын.

  12. Катысып корейiн. Женiп жатсам iнiмнiн туган кунине сыйга тартамын. Бап шабама, алде бак шабама.

  13. Аян Архарбек:

    Әрине Неміс футболшылары бізге керек.Олар жоғары деңгейде ойнайды.Бірақ қанша жоғары деңгейлі болғанымен оның орнына қазақ десе жанын беруге дайын қазақ футболшылары 1000 есе артық.Қазақ футболын неміс футболшыларын әкеліп дамытқысы келсе тек неміс футболшылардан жасақтау қажет.Себебі қазақпен неміс түсінісіп ойнай алмайды.Себебі неміс футболшылары терең ойлайды.Келімсек футболшылардан құрамаға тарта бергенше Облыстарда,Аудандарда,Ауылдарда турнирлер өткізіп көзге іліккен футболшыларды алып дайындау қажет.Сонда қана қазақ футболы әлемдік деңгейде көтеріледі.Жағдайы жоқ қаншама талант өз талантын тұншықтыруға мәжбүр болуда.Қазақтың қалін Қазақ қана түсінеді

  14. Аян:

    Соңғы кездері Қазақ футболына шетелдік футболшылар яғни келімсектер келу жиілеп кетті.Оның ішінде немістермен көршілер Орыс мемлекетінен.2015 жылы қазақ футболына екі неміс футболышалры қазақ азаматтығын алып қазақ атынан өнер көрсетпекші.Атап айтсақ:Меркель және 19 жастағы Германияның «Ингольштадт-04″ клубының жартылай қорғаушысы Роберт Бауэермен

    1.Әрине олардың келгені жақсы бірақ одан өзіміңіздің қара домалақ қазақ десе жанын беретін қазақ футболшылары мың есе артық.Әрине неміс футболшылары өте шебер ол жақтың дайындығы мықты болады.Бірақ жетістікке жетелейтін шығар бірақ ол үшін құраманы тек немістендіру қажет.Себебі ол жақтың ойлау қабілеті бөлек ал қазақтардікі бөлек.Бұдан бөлек көршіміз Ресей елінен футболшыларда жетерлік.Олар Ресей футболына керек болмай қалған мұсыр секілді нәрселерді біз пайдаланамыз.Жоғары деңгейлі футболышары келген күннің өзінде олар бір-екі күн жарқырайтын шығар алайда одан кейні ойныдары нашарлайды.Мойындау керек қазақ футболының дайындығы нашар.Сондықтан біз қазақ футболшыларын тартуымыз қажет

    2.Бапкер жағынан келер болсақ бапкер таңдауда өте нашар деңгейде.Жоғары деңгейлі бапкерлерде неге алмасқа.Қайдағы бір елге есеімі белгісіз бапкерлермен толығады.Неге Құрбан Бердыевты алмасқа кезінде Рубинді жаттықтырып Камп ноуда Барсаның шаң қаптырды емеспе.Мойындауым керек мен осы кезге дейні Краснажан деген бапкердің бар екеінде білмеппін сіздерде білмеген шығарсыздар.Футболда команданы алға сүйрейтін футболышар емес бапкер.Мысалы Клопп Боруссия сапындағы таланты ашылмаған футболшыларды Еуропаның Гранд футболшысы етіп.Командамаен Баварияны шаң қаптырып ЧЛ финалына дейін шықты.Сондықтан бірінші бапкерге көңіл бөлу қажет

    3.Аудандардағы және Ауылдардағы турнирлердің бола бермеуі.Болады алайда керемет ойнаған ойыншыларды дер кезінде байқамайды.Ауылдардағы турнирлерде жарыс өтеді жеңімпазға жүлде береді аяқталды осымен.Сондықтан жылына 2-3 рет Аудандарда ауылдарда турнир өткізіп оған мамандары әкеліп отырығызып қою керек.Олар жақсы өнер көрсеткен футболшылар футбол командалардың мектептері шақыру қажет.Ауылдарда қаншама талант қазақтың Мессиі Роналдуы
    өз талантын тұншықтыруға мәжбүр болуда.Қазақ футболының дамытудың жолы осы

  15. Актюбинец:

    Мадридтік Реалдыкы ойнатылама?))

  16. Қазақстан футболы неге дамымайды.Қазақстан футболын дамыту үшін әлі 30 жылдай уакыт керек сол жылдын ішінде 50 орынға тұрақтаса шамалы.
    Қазақстан футболына қарап отырсан бір құмарың канып көрмейсін.Неге біріншіден біздің команда да белгіленген бір тәртіп жоқ.екнішіден тактиканы дұрыс қолдана алмайды.үшіншіден ойыншыларда дайындық жоқ секілді.Сонда бұл жерде бапкердің кінәсіма әлде ойыншынынба.Менің ойымша бұл жерде ойыншылардын кінәсі бар секілді.Себебі біздің ойыншылар физикалық тұрғыдан нашар,психалогиялық тұрғыдан нашар.Тағы бір қателік біздін командаларда өңкеі шалдар яғни жасы біразға келген ойыншылар ойнайды.Неге шамалы жастарды шғармасқа.
    Тағыда айта кетерлік жайт Қазақстан ойыншыларының айлығы Бокспен,ауыр атлетикадан қарағанда қөбірек бөлінеді екен неге енді ойнамасқа.Шіркін осындай ой пікірлерді ойыншыларга барып айтсаго шіркін бздің ойыншылар намыска тырысып ойнарма екен.

  17. Ресей-Казакстан матчы. Бул жолдастык кездесу биздин ел ушин тажирибе алмасу. Бир жагынан корши елдин алем биршилиигине дайындыгын пысыктап кайтуга болады. Егер осы матчты тен есеппен немесе жениспен аяктап жатсак, рейтингтик корсеткишке озгерис енеди. Жалпы осы еки ел арасында кай спорт турин алып карасакта баскелестикке толы. Биздеги спорттын, футболдын дамуына осы корши елди ыкпалы зор. Себеби спортшыны да, торешилерди де осы елден шакыртып жататынымыз отирик емес. Ресейдин футболдагы жетистиги Еуроппа бириншилигинде Гус Хидингтин басшылыгымен ушинши орыннан коринуи. Клубтык дарежеси бул Газаев баптаган Цска командасынын Уэфа кубогын тобелерине котерген сати. Осындай тарихи корсеткиштерди ел футболынан болашакта кутемиз.

  18. Қазақстан футболын дамыту үшін кемінде 5 лига болу керек. Сол кезде командалар көбейіп, күшейіп қазақ футболшылары көптеп доп тебе бастайды. Төменгі лигада жақсы ойын көрсетіп жүрген қазақ футболшыларын премер лига клубтары сатып алады. Бірте-бірте қазақ футболының деңгейі көтеріле бастайды. Қазақ футболшыларының арасынан месси мен роналду шықпағанымен , Мхитарян сияқты командасын алға сүйрейтін футболшылар шығады. Қазақстанда кемінде мыкты үш футбол академиясын ашып, әйгілі топ клубтардан тәжірибелі мықты бапкерлер шақырту керек. Жәнеде мектепке футбол пәнін қосып, аудандарға ауылдарга қалаларга футбол алаңдарын салып беру керек. Сол кезде казакстан футболы дамып , футболмен айналысатын адамдар саны кобейеді

  19. Ақкиіз:

    Пікірге бәге қойылған соң, «қызыл сөзді сапыратындар» мен үйде отырып «жапыратындар» қаптап кеткені соншалық, жазлған материал көлемінен 5-6 есе көлемді пікірлерден көз ашпай қалдық қой))) Айналайын, ағайын, қысқа да нұсқа жазғандарыңды болмаса, сала-құлаш баяндамаларыңды оқитындар сирек-ау….

  20. Қарпық Ботпай:

    Қазақ футболы жайлы дүйім жұрт арасындағы пікір сол бір беткейлі. Қорытынды жасайтын болсақ, шығатын тұжырым Қазақ футболы қызықсыз, дамуы үшін ширек ғасыр керек т.с.с. Мен онымен келіспеген болар едім. Футболды қызық ететін біз жанкүйерлер, егер алаңға барып қызықтап, қолдау көрсетіп, аяқдоп тамашалаушылардың санын өзіміз арттырмасақ, бізге оны ешкім де қызықты етпейді. Футбол тек жанкүйерлер үшін жаратылған ойын. Мысалы, алматылық «Қайрат» командасының басшылығы біраз жұмыстар атқарғанының нәтижесінде трибунадағы жанкүйерлер саны еліміздің алдында тұр. Жиналған жұртты жерге қаратпау үшін аталған ұжым ойыншылары барын салып ойнауға тырысуда. Допқа иелік ету, ойынның аяғына дейін қарқынды бәсеңдетпеу және т. б. тартымды аспектілерді атап өтуге болады. Мұнда клубтың трансферлік саясатының да маңызын азайтуға болмайды. Атап айтсақ шабуылдаушы, техникалық шебер да Силва, Исламхан сынды ойыншылар шабуылдың тартымды өрнегін көрсетуде. алайда жоқ жерден жанкүйерлердің алаңға ағылуы үшін БАҚ өкілдері тарапынан ел футболын насихаттап, халық арасында жарнама жоқ деп айтсақ артық болмас! Бұл көтерілген мәселе, еліміздегі футбол дамуын тоқтатып тұрған фактордың бірі ғана. Және осы фактор футболды дамыту жүйесінің бір бөлігі болуы шарт.

  21. Қазақстан футболдан еуропа елдерінен көш ілгері келеді. Қазақстанда инфрақұрылым тым нашар . Еуропа талабына сай келетін 1-2 стадион ғана бар.ҚАЗАҚСТАНда футбол бокс пен ауыр атлетикадан кейінгі орында тұр. Футболга бокс ауыр атлесикага қарағанда бірнеше есе көп қаржы бөлінседе, еш нәтиже шығара алмауда. Қазактанға екі мыкты академия ашып, әйгілі барселона реалдан мыкты тәжірибелі бапкерлер алдыру керек . Ауыл балаларын футболга көптеп тарту керек.Ауыл балаларының арасынанда талантты футболшылар да шығады .Футболмен айналысатын адамдар да еуропа елдеріне карағанда тым аз. Англия мен Норвегия халқынын 10%-ы футболмен айналысады екен. Қазакстанда футбол ойнайтын алаңқайларда тым аз. Қазақстан еуро 2016 чемпионатында голандия туркия чехия исландия латвия елдерімен бір топқа түсты. Әзірге төрт ойын өткізіп 1ұпаймен топтың соңында келеді. Еуро 2016 турнирі аясында 28 наурызда исландиямен ойын өткізеді. Ұлттык құрамаға 3-4 германияның қазактары шакырту алды. Енді тек Сенім артқан ойыншылар үмітті ақтаса болғаны.

  22. Бәрі қазақ футболын тілге тиек етіп жатыр екен.Мен пікірімді әлем футболына,яғни әлем назарын аудартқан эль-классико «Барселона-Реал Мадрид» матчына арнасам.
    22 наурыз ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келетін бұл матч барлық футбол сүйер қауымның назарын аудартатыны анық.Қазір Ла-лигада бірінші орын үшін талас осы екі клуб арасында өрбуде.Әзірге каталондықтар Реалдан 1 ұпайға озып,алғашқы орында келеді.Сондықтанда бұл матч қызықты өтпек.Құрамында әлемнің үздік футболшылары Мессиі мен Роналдуы бар қос ұжым бұл матчта тағы да бір қызық көрсетейін деп тұр.Бірақ команда жұлдызды футболшылардан емес бүкіл ұжымнан тұрады.25 қазанда Сантьяго Бернабеуде өткен алғашқы матч Мадридтік клубтың пайдсына шешілген болатын.Ол кезде Реал Мадрид нағыз бабында еді,ал осы жыл бастала сала Реалдың негізгі футболшылары жарақаттанып,Роналду бірнеше ойынға қатыса алмай ақыры Реал Мадрид өз ойынын жоғалтып алды.Ал Барселонаға келер болсақ қазір олар өз формасында.Ендігі матчта олар барын салып ойнауы керек,себебі Мадридте 3:1 есебімен ұтылып бұл басымдылықты беріп қойған болатын,енді «Камп-ноуда» болатын матчта Барса өз абыройын қайта жинауға тырысады.
    Реал сапында бұл ойынға жарақатынан айыққан Лука Модрич пен Серхио Рамос шықпақ.Команданың моторы Лука жоқта Реал біраз матчта хорваттың жоқтығын сезінген болатын,сондай-ақ қорғаныста ғана емес шабуылда да жақсы ойнайтын Серхио Рамостың да алаңға оралуы жақсы жайт.Дегенімен жазда ғана Реалға ауысып келген колумбиялық Хамес Родригес бұл матчты жіберіп алатын болды.Ал Барса сапынан ойынға Томас Вермален қатыспайды.Вермален мен Хамес алаңға сәуір айында оралмақ!
    Бұл ойында Реалдың да Барсаның да жеңіске жету мүмкіншіліктері мол.
    Сонымен 22 наурыз күні біз асыға күтетін 3 жайт:
    1)Біріншіден бұл күні-Ұлыстың ұлы күні,жаңа жыл Наурыз мерекесі!
    2)Екіншіден бұл күні-Аладоп сайтындағы жарыс қорытындысы белгілі болмақ!!!
    3)Үшіншіден бұл күні-әлем күткен эль-классико «Барселона-Реал Мадрид» матчы болмақ!!!

  23. Барселона фанаты:

    Қазақстанда футбол дамып келе жатыр.Қазір Бауыржан Исламхан қазақ футболшыларынан алда келе жатыр.Ол осы жылы өз клубының үздік ойыншысы атанды.Негізі Қазақстан жас футболшыларды сатып алу керек.Қазақстан клубтарынан Астана алда келеді.Қазақстан сонау Германия,Испания,Англия,Италия елдеріне жету үшін көп еңбектену керек,талпынсаң тырыссаң бәріне жетесің.Қазақстан Еуро 2016 чемпионатында өз тобында соңғы келе жатыр,енді Исландия командасымен кездеседі.1-ші орында Чехия 12 ұпай,2-ші Исландия 9 ұпай,3-ші Недерланд 6 ұпай міне осы мықты командалар ерекше ойын,өнер көрсетіп келе жатыр.Чехия командасы бірде-бір ойында ұтылған жоқ,ал Недерланд Чехиядан ғана ұтылды.Қазақстан Латвия мен Түркияны артта қалдырса,онда Қазақстан абыройын сақтап 4 орында тұратын болады.Негізі Қазақстан ауыл спортына көңіл бөлмейді,ал кейбір балаларда талант болады . Егер әр ауылға бір газон салдырса ауыл спорты кішкене болсада дамиды.Мен Қазақстанның Еуро 2016 чемпионатын ұтқанын қалаймын.Мен саған сенем алға Қазақстан !!!!

  24. Барселона фанаты:

    Ла Лига қазір қызу ойын жүріп жатыр.Ла Лигада Реал Мадрид,Барселона,Атлетико Мадрид,Валенсия командалары өте мықты. 22 наурыз кұні Барселона-Реал Мадрид командалары ойнайды.Барселона Реалды 1 ұпаймен артта қалдырып келеді.Маған Ла Лигадан Барселона клубы ұнайды.Қазір онда әйгілі Месси,Суарес және Неймар триосы бар.Месси әзірше өздік бомбардир ол Роналдудан 2 гол озып келеді.Реал мен Барселона шайқасып келеді.Реалда Бэйл,Роналду,Бензема ,ал Барселонада
    Месси,Неймар,Суарес жауынгерлері бар.Барселона Чемпиондар Лигасының 1/4 фналына шықты.Барселона Манчестер ситиді,Манчестер ситидің жерінде 1-2 есебімен ұтты,ал Комп-нау стадионында Барселона Манчестерді 1-0 есебімен ұтты сөйтіп Манчестер сити Чемпиондар Лигасынан шығып кетті.Барселона,Бавария,Реал Мадрид,Порту,Монако,ПСЖ,Ювентус,Атлетико Мадрид клубтары 1/4 финалына шықты.енді Барселона ПСЖ командасымен қайтадан кездеседі.

  25. Ертуган:

    Не себепті бізде футболдан Қазақстан ұлттық курамасынанда неміс футболшылардың қатары көбейіп барады?
    Себебі оларға ФФК қомақты қаржы беруде және олар өздерінің ұлттық курамасына шақырту ала алмайды өйткені олардың курамасында конкуренция бар және олардың деңгейі Неміс ұлттық курамасына жетпейды.Ал біз құрамды солар арқылы деңгейін көтереміз десек кателесуымыз мүмкін. Себебі біздің қара домалақ футболшыларымыз олардан кем түспейді. Мысалға Қазақстан ұлттык курамасына келген неміс футболшысы Александр Меркель. Ол деңгейі Жоғары деп айтамыз ол дұрыс себебі Европада ойнап жүр.Швейцария чемпионатында Грассхопперс сапында ойнап жүр. Бірақ толық ойнап жүр деп айта алмаймыз себебі ол қосалқы құрамда отырады және «иигровой практика» жоқ.Бірақ ол Қазақстан ұлттық курамасында ойнайды. Футбол шолушылары да біздің қазақ балдарынын Меркельден кем емес деп айтып отыр.
    менің корыта келе айтатын маселем Қазақстан ұлттық курамасында озымыздын қазақ балалары ойнаса екен қай жақтағы бір шетелден футболшыларды акелгенше!

  26. Айдархан Болегенов:

    Ассалаумағалейкум ардақты ағайын бауырлар жане футбол жанашырлары ))Менің тағы бір айта кетейін дегенім мынау еді жақында тағы да қазақ жастары Оле Бразилде жобасымен Крузейро клубына аттанбақ жане оларға саттілік тілейміз бірақ айта кететін бір мәселе ағалар осы Бразиляға барып окып ала доптың қыр сырын уйреніп келгендерден оз басым Рауан Сариев шабуылшыны ғана танимын ал қалғандары әлі жасындай жарқылдап көзге түспеуде, Елбасымыз футболдың жағдайын жастардың болашағын ойлап ел қаржысынан милиондап ақша жумсап оқытып жатыр бірақ сол оқуға кеткен балалар өздерінің осыншалықты ауыртпалықты сезініп ел жұртының болашак үмітін арқалап бара жатқанын сезіне ме?Арине өз басым білемін,көп қазақтың жанкүйелері ұлттық құрамамыз немесе отандық клубтарымыз европалық клубтармен ойнап жатса стадионга барып демеу былай тұрсын футболды теледидардың алдына жатып алып » өйй осылар ұтады дейсіңбе» деп немқұрайлылық және сенімсіздік танытады жанкуйерлердің қатесі осы ал бірак футболшыларда жетістікке бар ынтасымен ұмтылып әр бір ойыншы өзін лидер санап мен бүгін командам үшін бір пайда әкелемін өзімді жақсы жағынан көрсетемін деп ойнаса меніңше алынбайтын қамал жоқ!бірақ мен білемін алаңда терлеп тепшіп өліп талып ойнаған қандай екенін,оңай емес бірақ бұл олардың мамадықтары әрі тауып отырған нандарынан болек милиондаған адамдарға куаныш сыйлай алатын спорт түріғой футбол осыны аяқ допшыларымыз және сол өнерді үйренуге бара жатқан жастарымыз жете тусінсе екен деймін !болашақта бізде азуы алты қарыс командалардің біріне айналарымызға сенемін және сол ертерек орындалса екен деп тілеймін коп рахмет назар салып тыңдағандарыңызға)))


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.