темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Байқау қорытындысы белгілі!

IMG-20150310-WA0020-1«Аладоп.кз» сайты барлық оқырмандарын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды. Осы жылы бізбен бірге болып, қазақ футбол үшін жандарыңыз ашып, өз ойларыңызды бөліскендеріңізге ризамыз. Пікір демекші, сайт бетінде өткен «Пікірлер додасы» атты жарысымыз өз мәресіне жетті. Байқау жарияланған күннен бері бұл сайысқа 500-ден астам пікір келіп түскен. Солардың ішінен біз іріктеп, қатесіз әрі ойлы жазылғанын таңдап алдық. Ол пікірдің иесі жарыстың жеңімпазы атанып, бас жүлдені иемденеді.

Жүлдені бұл жолы кәсіпкер Әділ ЖҮСІП ұсынып отыр. Сонымен «Бавария» жейдесін Бауыржан Мағау есімді оқырман жеңіп отыр.

Бауыржан Мағау (Арқалық)

http://aladop.kz/?p=23347

Исландия құрамасына қарсы Қазақстан құрамасы мына құраммен шыққанын қалаймын:
ЭРИЧ
ШОМКО ЛОГВИНЕНКО МАЛЫЙ ҚУАНТАЕВ
СМАҚОВ (К)
ҚОНЫСБАЕВ ИСЛАМХАН МЕРКЕЛЬ ЖОЛШИЕВ
ХИЖНИЧЕНКО

Малыйды негізгі құрамға алған себебім, ол Еуропа лигасының топтық кезеңін көрген тәжірибесі бар, «Шахтердің» де, «Ордабасының» да негізгі құрамында жиі ойнайд, Венгрия құрамасына қарсы жақсы ойын көрсетті. Абдулиннің Голландия құрамасына гол соққанын мақтанышпен айтуға болады, бірақ оның жылдамдығы төмендеу, жасы да келіп қалды. Оң жақ қапталға Қуантаевты алған себебім, өздеріңіз куәсіздер «Қайрат» сапында қалай керемет ойын көрсетіп жүргенін. Ал, Исламхан мен Меркель бір-бірімен жақсы түсінісіп, Хижниченкоға тура пастар береді деп ойлаймын. Спорттық ғұмырында екінші жастық күй кешіп жүрген, тәжірибелі Смақов қорғаныста мығым ойнап қана қоймай, дәл пастарымен ерекшеленіп жүр. Қонысбаев пен Жолшиевтің қапталда қалай белсенді ойнайтындары өздеріңіз жақсы білесіздер. 3 турда жарақат алған қақпашы Эрич, 28 күніне дейін жазылып, Ұлттық құрамамызға өз көмегін береді деп ойлаймын. Логвиненко мен Хижниченко бұрыннан негізгі құрамның ойыншылары. Әйтеуір, Коробкин, Хайруллин, Богданов, Сидельниковтардың шақырту алмағанына қуанып отырмын. Осындай құраммен Қазақстан құрамасы Еуро-2016 іріктеу турниріндегі алғашқы жеңісіне жетеді деп ойлаймын. Бірақ, әр кездесу сайын құрамын өзгертіп отыруы, еліміздің бас командасының осал тұстарының бірі.

Жарыс жеңімпазы «Аладоп.кз» сайтының фейсбук парақшасына хабарлассын!

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

9 комментариев к записи “Байқау қорытындысы белгілі!”

  1. Құтты болсын Бауыржан бауырым!

  2. Бауыржан Мағау:

    Ұлыстың ұлы күнінде керемет сыйлық! Қуанып отырмын! Алғысым шексіз, сіздерге! Осындай пікірлер сайысын ұйымдастырып, оқырмандарыңызды ынталандырып, демеу көрсеткендіріңізге! Әрқашанда еңбекте табысқа жетіп, сайттың оқырмандары көбейе берсін! Алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер! Ұлыстың ұлы күні отбасыларыңызға бақыт, құт-береке әкелсін! Алла разы болсын! Рахмет көп көп…

  3. Бауыржан Магауды шын ниетпен куттыктай отырып, жигерли пикирин колдап, ел футболынын дамуына жана курам жасактап бергенине алгыс билдирем! Жане де осы жейдени женип алуга тырыскан Ернар Каштан инимеде, Барса-нын жейдесин женип алгандагыдай утымды пикирин уздик деп билем. Барша футбол жанкуйерлерин, елимизди Наурыз мейрамымен шын журектен куттыктаймын!!!

  4. Бауыржан Мағау:

    Рахмет, достар! Сендерде жеңіске лайықты пікірлер жаздыңдар!

  5. Конка,рахмет көп-көп))))

  6. Нұрлан:

    Жастарды жігерлендіріп, сыйлық ұсынған Əділ ағамызға рахмет

  7. Бауыржан Мағау:

    Ернар, Нұрислам, Конка, Нұрлан бәріңе рахмет көп көп!

  8. Құтты болсын Бауыржан бауырым!Игiлiгiне жарад!


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.