темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Өкініп жүрген ешкім жоқ

Мынау Самат Смақовтың бүгінгі инстаграмм желісіне салған фотосы. Байқасаңыздар Исландиядан 3-0 есебімен жеңілген үш футболшымыздың кешегі ойын үшін аса қатты қайғырып тұрмағаны көрінеді.

 

644414_353189121542427_8180910635951440388_n

 

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

9 комментариев к записи “Өкініп жүрген ешкім жоқ”

  1. Шакират:

    Бетсіз болса өлема. Саматтан бұндай күтпеп ем ішім күйет нервың оинаит осыларды көріп. Тіпті Сиделников осы кезге дейінгі істері үшін өз өзіне қол жұмсауына болат. Оған ешкім өкінбейді.Саматты норм жігітпа десем мал біреу екенғо. Суретке түспек түгіл бұларға көшеге шығу тіпті ұят.

  2. Намыс жокко утылу суйегiне сiнiп кеткен

  3. Арман Серікұлы:

    Ашуын келеді, Самат жүрген бір кеуде, ана екеуі қазақта емес, намысқа тырысып ойнамайды өз елі емес! Қанша жерден қазақтың көк құжатын алсада, қазақ деп соқпайды жүректері.

  4. Бауыржан Мағау:

    Әбден жеңіліп, жеңіліп еті үйреніп кеткен ғой… Амал қанша, қолдарынан келгенін жасады. Бірақ, мықтының аты мықты, үстемділігін көрсетті. Өз алаңымызда жауапсыз 3 гол соғып ойсырата жеңді. Бірақ, соншама Ұлттық құрамамыздан үміт үзетіндей, соншалықты жаман ойын көрсеткен жоқ қой. Бұрынғы матчтарға қарағанда алға басу бар. Тек, кейбір позицияларда шебер, лайықты ойыншылар жетіскен жоқ. Матч басталмай ақ, қатысатын негізгі құрамды көріп-ақ, бірден жеңілеміз деген күдік ұялады. Бір жақсы жаңалығы құрамамызда қазақтар саны көбейген. Шабуыл шебі таза қазақ жігіттерінен жасақталған. Бір түсінбегенім, Красножан бапкердің ойыншыларды өз позицияларына байланысты, ойыншыларды дұрыс таңдамағаны. Исламхан мен Нұрғалиев алаңның орта бөлігінде ойнайтын ойыншылар. Бірақ, екеуін қос қапталда қойыпты. Алдыңғы матчтарда өз клубында алаңның ортасында жүрген ойыншы, 1 апта ішінде қапталда ойнауға дағдыланып үйренбейді ғой. Оданда Исламханды ортаға қойып, қос қапталға Қонысбаев пен Жолшиевті орналастырғанда, шабуылға екпін беріп, Исландияның қорғанысын бұзар ма едік. Кешегі ойында Ұлттық құрама қаптал арқылы мардымды шабуыл көрсете алмады. Неге? Себебі, Нұрғалиевте қаптал арқылы суырылып шығатындай жылдамдық жоқ. Ал, Исламхан бұрыңғы әдетіне салып, орталыққа ойысып кете береді. Тағыбергенде орталық ойыншы. Сөйтіп, қаптал арқылы шабуыл өрбіте алмадық.

  5. Бауыржан Мағау:

    Матч басталуға 5 сағат қалғанда, жағымсыз жаңалық естідік. Ол Ұлттық құрамамыздың негізгі шабуылшысы Хижниченко аяқ астынан жарақат алды. Онсызда құраманың шабуыл шебі ақсаңқырап тұрғанда, оданда қиын жағдайға жеттік. Енді кімді қоямыз? Жас Жаңғылышбайды қояйық десек, «Астана» сапындағы матчтарға да дұрыс қатыспаған. Ойын тәжірибесі аз. Щеткин болса, олда солай ҚПЛ матчтарында алаңға соңғы минуттарда ғана қосылады. Ең тәуірі және гол соққан, «Ордабасының» негізгі құрамында ойнап жүрген Тәжімбетовты қоймағаннан басқа амал жоқ. Қырғызстан құрамасымен матчта хет трик жасаған Дәуренбектен бір үміт күтіп едік. Үмітті ақтаған Тәжімбетов жоқ, гол соқпақ түгілі, қауіпті сәтте ұйымдастырмай, алаңда бар-жоғы байқалмады. Оданда, қапталға қоймаған Жолшиевті қоюға болатын еді, сол шабуылшының орнына. Немесе Финонченконы алдын ала Ұлттық құрамаға шақырту керек еді. Тәжімбетовтен кем ойнамайтын еді.

  6. Бауыржан Мағау:

    Ең құрымағанда шабуылдап гол соқпаса да, гол жібермесек қой. Қайдағы? Ұлттық құрамамыздың ең осал тұсы, қорғаныс пен қақпашы. Әр матч сайын біреуі қателік жасамаса, екіншісі қателік жасап отырады. Қарсыластарымызға гол соғатын мүмкіндікті өзіміз дайындап береміз. Өйткені, Ұлттық құрамамызда тұрақты ойыншы жоқ. Командамыздың сол қапталында белсенді, соққысы жойқын Шомко бұл матчқа қатыспады. Өйткені, 1 турда бейберектсіз дөрекілігінің кесіренен, 3 тур бойы матчтардан аластатылған. Ойын тәжірибесі аз. Оның орнына Сүйімбаев ойнады. Бірақ, Шомко сияқты белсенділік көрсете алмады. Ортада Абдулин, Логвиненко, Воротников. Менің ойымша, осы Абдулин мен Воротниковты Ұлттық құрамаға жолатпау керек сияқты. Екеуі ауыр қимылдайды, қарсы команданың шабуылшыларына әрең ілеседі. Бойларының ұзындығы болмаса, екеуі биіктікке дұрыс секіре алмайды да. Оданда Малыйды ойнату керек еді. Малый жақсы ойыншы ғой. Венгрия құрамасына қарсы жақсы ойын көрсетті. «Шахтёрде» де, «Ордабасыда» да керемет ойнап жүр. Оң қапталға Гурманды орналастырыпты. Оданда, Қуантаевты қою керек еді. Қуантаев алаңға шығысымен ақ Ұлттық құраманың ойыны күшейді ғой. Басынан бастап шығарғанда не болар еді. Матч соңында Красножан: «Оң қапталға Қуантаевты қоймай, Гурманды шығарғаным, қорғаныста сенімдірек ойнайды» деген болатын. Мынандай сенімді адамды бірінші рет көруім. Ал, қақпашы мәселесіне келер болсақ, Сидельников қой сол баяғы… Қанша қателік жасаса да, құрамадан кетпейді. Бес матчқа қатысса, соның біреуінде ғана өз деңгейінде, үздік ойын көрсетеді, қалған төрт ойында баланың қателігін жасап, орынсыз голдар жібереді. Өйтпесе, Сидельников! Сидельников бола ма? Соны көріп жүрген бапкерде ақымақ. Оданда Плотниковты қоймайды ма? Әйтеуір, Плотников гол өткізсе де, лайықты голдар өткізеді. Келесі Түркияға қарсы матчта Эрич құжаттарын толықтай дайындаса, Эричты тұрғызу керек.

  7. Жанабек:

    Андрей Сидельников 8 марта 1980 (35 лет) Ордабасы (Шымкент) 28 (−45) против Молдавии 3 марта 2010
    Стас Покатилов 8 декабря 1992 (22 года) Актобе 0 (−0) —
    Владимир Плотников 3 апреля 1986 (28 лет) Кайрат(Алма-Ата) 0 (−0) —
    Защитники
    Юрий Логвиненко 22 июля 1988 (26 лет) Актобе 27 (3) против России 23 мая 2008
    Ренат Абдулин 14 апреля 1982 (32 года) Ордабасы (Шымкент) 26 (2) против Латвии 17 апреля 2002
    Марк Гурман 9 февраля 1989 (26 лет) Кайрат (Алма-Ата) 19 (0) против Сирии 10 августа 2011
    Дмитрий Шомко 19 марта 1990 (25 лет) Астана 16 (2) против Белоруссии 9 февраля 2011
    Елдос Ахметов 1 июня 1990 (24 года) Астана 1 (0) против Латвии 29 февраля 2012
    Илья Воротников осы турсы курту кереккой

  8. Жанабек:

    Сиделнеков тесік кіріп шығатын есік. …
    И В Н П Голы ± О
    1 Чехия 5 4 1 0 11 − 6 +5 13
    2 Исландия 5 4 0 1 12 − 2 +10 12
    3 Нидерланды 5 2 1 2 11 − 6 +5 7
    4 Турция 5 1 2 2 6 − 8 −2 5
    5 Латвия 5 0 3 2 2 − 11 −9 3
    6 Казахстан 5 0 1 4 4 − 1

  9. Бауыржан Мағау:

    Исландия құрамасына қарсы ойнаған ойыншыларға 100 баллдық өлшеммен салыстырмалы түрде қояр бағам:
    Тәжімбетов 10
    Исламхан 80
    Тағыберген 40
    Нұрғалиев 15
    Смақов 75
    Сүйімбаев 45
    Абдулин 35
    Логвиненко 60
    Воротников 25
    Гурман 10
    Сидельников 5
    Қонысбаев 70
    Қуантаев 55
    Щеткин 20
    Сіздерде осылай баға беріп шығыңыздаршы, қызық болсын))


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.