темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

16-маусым Кабо-Вердемен кездесеміз

кабоҚазақстан құрама командасы 16-маусым күні тағы бір жолдастық кездесу өткізетін болады. Бұл жолғы қарсыласымыз Кабо-Верде құрама командасы. Матч Алматы қаласындағы «Орталық» стадионда өтеді деп жоспарлануда. Естеріңізде болса 12-мамыр күні Алматыда Қазақстан құрамасы Буркина-Фасо құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. 12-маусым күні Еуро 2016 іріктеу додасының аясында Юрий Красножан шәкірттері Түркия құрамасымен күш сынасады.

Ал жалпы, Қазақстан Футбол Федерациясының шешімімен жақын арадағы ұлттық құраманың ойындары еліміздің әр аймақтарында өтеді деп жоспарлануда. Мысалы, тамыз айындағы бір жолдастық кездесу Ақтөбе қаласында, қазан айында болатын бір кездесу Тараз қаласында ойналуы әбден ықтимал.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.