темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Хави

1429178554_60266161_75264300Бүгінгі сөз қозғамақ болып отырған Хаһарманымыз соңғы он жылдықтың командасы атанған Барселонаның әрі қызыл фурияның капитаны аты аңызға айналған Хави жайлы болмақ.

Хави Эрнандес 1980 жылдың 25 қаңтарында Испанияның Терраса қаласында дүниеге келген. Отбасында ата-анасы, қарындасы Адриано, бауыры Алекс және әжесі болған. Бала Хави жастайынан футболға қызығушылық танытқан. Оның бұл әуестігі 11 жасында Барселона мектебінің табалдығын аттауға себебші болады. Үздіксіз жаттығулардың арқасында бапкерлердің көзіне түсіп, 17 жасында Барселона Б қатарында Сегундада ойнауға қабылданады. 1997/1998 жылдардағы маусымда Барселона Б жақсы ойын көрсетеді. Сол жылдары катадолдық клубтың тізгінін ұстап жүрген Голландиялық маман (Луи Ван Гал). Хавиді және бірнеше талантты ойыншыларды негізгі команданың қатарына алдыртады. Және негізігі құрамда алаңға шығу үшін көп күтудің де қажеті болмады. Алғашқы матчын Испания суперкубогы аясында Мальоркаға қарсы өткізген болатын. Сол ойында Барселона кубокты еншілеп кетті. Ал Барса сапындағы алғашқы голын Реал Вальядолидке қарсы өткізген ойынында соқты. 1999-2000 жылдардағы маусымда Хосеп Гвардиола жарақат алып, негізгі құрамға Хави шықты, сол орнын 2015 ке дейін сақтап қалды. Міне дәл осы тұстан Хави Барселонада 766 ойын өткізген екен. 84 рет қарсылас қақпасын дәл көздесе, 176 рет командаласына нәтижелі пас шығарған екен. Командалық әріптесі Иньеста екеуі еуропадағы үздік жартылай қорғаушылар бола білді. Бұл екеуінің арқасында Месси де голдарды көп соғатын болды. 2008-2009жылдардағы ойын маусымы Блауграна табысты жыл болды. Хави Еурокубоктық ойындарда 3 гол салып, 7 нәтижелі пас шығарып басқа жартылай қорғаушылардан көш ілгері кетіп, Барселонаның Кубокты иеденуіне елеулі үлесін қосты. Кубокты алумен ғана шетктеліп қана қоймай, ішкі біріншілікте де үздік ойын көрсетіп, басқа командаларды жүлдесіз қалдырды. Хавидің тағы бір ерекшелігі 2014 Чемпиодар лигасында шығарған пастары 100% дәлдікпен жетуі, бұл басқа ойыншылардан артық екенін анықтап тұрғандай. Хави Барселона сапында 8 рет Испания чемпионы, 3 рет Чемпиондар лигасының кубогын, 2 рет УЕФА суперкубогын, 6 рет Испания суперкубогын, 2 рет Испания кубогын және 2 рет клубтық деңгейдегі әлем чемпионатын иеленген екен.

Ал, құрама сапында әріптесі Иньеста екеунің дуэтінің арқасында Испания 6 жыл бойы әлемді аузына қаратты. Екі жыл қатарынан Еуропа чемпиондары (2008-2012) атанса, 2010- жылы алты құрлықтық үздігі болды. Неге екеуінің арқасында деп отырған шығарсыздар. Бұл жерде қақпашы Касьилястың да, шабуылшы Вилья, Торрестердің де еңбегі болды, әлбетте. Бірақ басты рөлдерді Барселонаның жартылай қорғаушылары ойнады. Бір клубта доп тебуінің арқасында бұл екеуі бір-бірін айтқызбай ұғысатын болды. Шабуылшыларға нәтижелі пас асырып, дер кезінде қорғану тәсілімен Қызыл фурияның қозғаушы күшіне айналды.

17 жыл бойы бір ғана клуб үшін ойнау бұл көп аяқдопшыныңқолынан келе бермейтін шаруа немесе көптің бағына жазылмаған дейін бе, солай дұрыс сияқты. Әрине оның Барселонаның академиясында тәрбиеленгенін ескерсек, бас-аяғы 24 жылын каталондық клубтың жолында сарп еткен екен. Осы аңыз жайлы футболдың майын ішіп, жілігін шаққандардың жылы лебізіне көңіл бөлейік:

Пеле:

Хави-үздік және осы ойыншы жайлы сөз қозғау керек. Мен оны құрметтеймін. Ол құдды бір сиқыршы іспетті. Барселона маған Хави үшін ұнайды.

Касильяс:

Адамдар менен жыл сайын команданы күшейту үшін Барселонадан кімді алу керек деп сұрақ қояды. Мен оларға бір ғана жауап беремін. Ол Хави. Оның допты сауатты түрде иелік етуі әрі пайдалануы өзін үздік етіп көрсетуде.

Йохан Кройф:

Егер Хавидің көңіл-күйі нашар болса, Барселонада жартылай шамасымен ойнайды. Ол командаға әр беріп, ойнауына мүмкіндік береді. Хави басқаларға ұқсамайтын ерекше.

Хави өзіне ғана тән ерекше ойынымен ғана емес, сабырлы, ұстамдылығымен, бапкердің тапсырмасына құлақ асып, қашанда футболдағы теке-тірестерден аулақ жүретіндігімен, түртіп қалса, құлай кететін симулянттарға ұқсамайтындығымен ерекше. Ол үшін әрқашан команданың жеңгені маңызды болатын, жекелей  берілетін жүлделерге қызығушылық танытпайтын.  Осыған дейін БАҚ өкілдерінен Хави жалақысының аз болғандығына наразы екен деген сияқты мәлімдемелерді естімеппіз де. Клуб ауыстыруынада себепші ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ. Ол жай ғана әріптестерінің қиындық тудырмай,  команданың толық ойын көрсетуіне кедергі болғысы келмейтіндігінде. Міне команданың нағыз жанашыры…

Ойыныңа да, адалдығыңа да, бәрі үшін де рахмет саған. Сен өз миссияңды тоық орындап шықтың. Қош бол Аңыз.  Қош бол Капитан. Қош бол Хави.

Нурбол Арнабек

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.