темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Жазғыруға құқымыз жоқ. Іріктеу ойындарына шолу

Алатаудың баурайындағы Алматының халқы үлкен футболды көрмегелі де бес жылдан асып кеткен екен. Ұлттық құрамамыздың алып қаладағы ойның тамашалауға деген жұртшылықтың ниетін матчқа бірнеше күн қалған кезден бастап-ақ байқалды. Алып шаһар үшін бұл үлкен мереке еді. 

Оңтүстік астанадағы ойынмен қоса, кеше түнде Еуропа алаңдарында болып өткен ойындарға да «Аладоп» қысқаша шолуын жасайды.

Нағыз әлемдік футболдың ауа-райын сағынған жанкүйерлер Орталық Стадионды лық толтырды. Команда да халықтың ыстық ықыласына лайықты ойын көрсете алды деп сенімділікпен айтуға болады. Матчтың тағдырын жеке бастың шеберлігі ғана шешті. Иә, түріктер ойынның көп бөлігінде басым болды, қауіпті сәтті көп ұйымдастырды. Ол түсінікті де. Сапында Арда Туран, Хакан Чалханоғлу секілді жұлдыздары бар командадан басқа не күтесіз? Турнир кестесіндегі жағдайы да мәз емес. Ойын соңындағы баспасөз маслихатында Түркия ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Фатих Теримнің мойындағанындай, команданы тең нәтижеден Арданың асқан шеберлігі ғана құтқарып қалды. Ал, біз жігіттерді жазғыруға, балағаттап, ауласына тас лақтыруға құқымыз жоқ. Мүлде. Жанкүйерлер де осындай қолдаудан жаңылмаса жеңісті күндер де алыс емес.

Қазақстан — Түркия 0:1 (0:1)
Гол: 
Арда Туран 83 (0:1)
Ескерту: Шмидтгаль 77, Абдулин 88, Шомко 90
Қазақстан: Покатилов, Малый, Гурман (Тағыберген 78), Абдулин, Смақов (Бейсебеков 67), Логвиненко, Қонысбаев, Исламхан (Көкеев 85), Шмидтгаль, Шомко, Хижниченко
Түркия: Бабаджан, Кайя (Ташдемир 75), Балта, Азиз, Генюл, Туфан (Булут 64), Чалханоглу, Инан, Туран, Топал (Шен 46), Йылмаз

Соынмен қатар, біздің топта тағы да екі ойын болып өтті. Исландия ойын барысында чехтарға жеңіліп жатып, ақыр аяғы жеңісті ғана емес, кестедегі бірінші орынды да тартып алды. Ал, Голландия қонақта күтілгендей-ақ латыштардан 2:0 есебімен басым түсті.

Исландия – Чехия 2:1 (0:0)
Голдар: Гуннарссон, 60, Сигторссон, 76 – Дочкал, 55

Латвия – Голландия 0:2 (0:0)
Голдар:
Вейналдум, 67 (0:1), Нарсинг, 71 (0:2).

 А тобы

 

 

1   ИСЛАНДИЯ 6 5 0 1 14-3 15
2   ЧЕХИЯ 6 4 1 1 12-8 13
3   ГОЛЛАНДИЯ 6 3 1 2 13-6 10
4   ТҮРКИЯ 6 2 2 2 7-8 8
5   ЛАТВИЯ 6 0 3 3 2-13 3
6   ҚАЗАҚСТАН 6 0 1 5 4-14 1
 

Көрші B тобында да жеке дара көшбасшы пайда болды. «Реал Мадрид» футболшысы Гарет Бэйл Бельгияға қарсы ойында ұлттық құрамасына жеңіс сыйлап, бірінші орынға алып шықты. Уэльс пен Бельгияны табандап қуып келе жатқан Израиль Босниядан жеңіліп, қос команданы ұзатып қана қоймай балқан түбегінің өкілдері мен Андорраны жеңген Кипрды жақындатып алды. Бұл топта бірден бес командада Франциядағы еурододаға жолдама аларлықтай мүмкіндігі бар. Демек, қызықтың көкесі әлі алда.

Уэльс – Бельгия 1:0 (1:0)
Гол:
Бэйл, 25.
Босния и Герцеговина – Израиль 3:1 (2:1)
Голдар:
Таль Бен-Хаим II, 41 (0:1). Эдин Вишча, 42 (1:1). Эдин Джеко, 45 — пенальтиден (2:1). Эдин Вишча, 75 (3:1)

Андорра-Кипр 1:3(1:2)

Голдар: Досса Жуниор, 2-өз қақпасына(0:1), Нестор Митидис, 13(1:1). Нестор Митидис, 45(1:2). Нестор Митидис, 53(1:3)

 В тобы

 

 

1   УЭЛЬС 6 4 2 0 8-2 14
2   БЕЛЬГИЯ 6 3 2 1 13-2 11
3   ИЗРАИЛЬ 6 3 0 3 10-9 9
4   КИПР 6 3 0 3 12-11 9
5   БОСНИЯ 6 2 2 2 8-7 8
6   АНДОРРА 6 0 0 6 3-23 0
 

H тобында хорваттар мен италяндықтар тағы да тең түсті. Өткен ойындардың бірінде, жанкүйерлердің тәртіпсіздігіне байланысты жазаланған Хорватия, өз алаңындағы ойның қаңыраған бос стадионда өткізуге мәжбүр болды. Алайда, бұл жайт алғашқы таймның тартысты өтуіне кедергі бола қойған жоқ. Екі пенальти мен екі гол орын алған алғашқы 45 минуттықта командалар 1:1 есебімен үзіліске кеткен еді. Керісінше екінші бөлікте алаңда дөрекіліктен басқаны көрмедік.

Норвегия өз алаңында Азербайджан қақпасының кілтін таба алмай дал болды. Жеңіске жетіп жатса италяндықтармен ұпай саны тең болатын еді. Ал, қонақтағы жалғыз голдың арқасында жеңіске жеткен болгарлар жоғарғы орындардан үмітін үзбеуде.

Хорватия – Италия1:1 (1:1)
Голдар: Манджукич, 11 – Кандрева, 36 (пенальтиден)
Норвегия-Азербайджан 0:0

Мальта-Болгария 0:1(0:0)

Гол: Ивелин Попов, 56

 H тобы

 

 

1   ХОРВАТИЯ 6 4 2 0 16-3 14
2   ИТАЛИЯ 6 3 3 0 9-5 12
3   НОРВЕГИЯ 6 3 1 2 7-8 10
4   БОЛГАРИЯ 6 2 2 2 7-7 8
5   АЗЕРБАЙДЖАН 6 1 1 4 4-11 4
6   МАЛЬТА 6 0 1 5 1-10 1
 

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.