темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

ЕЛ. Юрген Клооптың бұрынғы және бүгінгі клубтары жеңіске жетті

«Ливерпуль» Қазаннан жеңісті әкетсе, дортмундықтар «Габаланы» ірі есеппен ұтты.

Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 4-ші турында «Ливерпуль» қазандық «Рубинге» қонаққа барып, 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голдың авторы-Джордан Айб. «Қызылдар» 6 ұпаймен екінші орында тұрса, «Рубин» 2 ұпаймен көш соңында.

Ал, «Боруссия» өз алаңында азербайжандық «Габаланы» ойсырата ұтып, плей-оффқа жолдама алды. «Аралар» 4 ойыннан кейін 10 ұпай еншілеп, топ бастап тұр. Екінші орында «ПАОК»-тан айла асырған «Краснодар» тұр. Кубандықтарда 7 ұпай.

Еуропа Лигасы. Топтық кезең.  4-ші тур.

B тобы. 

«Рубин»-«Ливерпуль» 0:1(0:0)

Гол: Айб, 52(0:1).

С тобы.

«Боруссия» Дортмунд – «Габала» 4:0 (2:0)
Голдар: Ройс, 28 (1:0); Обамеянг, 45 (2:0); Зенев, 67 (3:0, автогол); Мхитарян, 70 (4:0)

«Краснодар» — «ПАОК» 2:1 (1:0)
Голдар: Ари, 33 (1:0), Жоаозиньо, 67 (2:0, пен.); Мак, 90 (2:1)

 

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.