темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Mourinho out? «Челси» тағы да жеңіліс құшты

i7vkY1LXVkk

«Ақсүйектер» тур өткен сайын турнир кестесінде төмен сырғуда. 

Ағылшын Премьер-Лигасының 12-ші турында «Челси» кезекті рет жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл жолы былтырғы чемпиондар «Сток Ситиге» қонаққа барып, 0:1 есебімен есе жіберді. Бірінші таймда лондондық клубта есеп ашуға бірнеше мүмкіндіктер болғанымен, қос команда үзіліске тең нәтижеде тарқасты.

Жомарттығы үшін «Челсиді» екінші таймның басында алаң иелерінің шабуылшысы Арнаутович жазалады. Серб футболшысы әуедегі допты акробатикалық стильде Бегович қақпасының жақын бұрышына тоғытып, жеңісті голдың авторы атанды.

Осымен Моуриньо шәкірттері АПЛ-дағы жетінші жеңілісіне ұшырап, 16-шы орынға түсіп қалды. Қауіпті аймақтан команданы үш ұпай ғана бөліп тұр.

«Сток Сити» — «Челси» 1:0 (0:0)
Гол: Арнаутович, 54.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.