темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Владимир Вайсс: «Біз де бас жүлдеге лайықты едік»

450_559ea8b6041bd

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс чемпионаттағы ұпай санау жүйесін сынға алды. 

-Шындығында, біз чемпиондықтан «Атыраумен» тең ойнағаннан кейін айырылғанбыз. Сол кезде жоғалтқан екі ұпай, міне, турнир аяғында жетпеді. Ұпай жағынан да, басқа да көрсеткіштер жағынан да біз «Астанaмен» теңбіз. Негізінде, чемпионат әділетсіз. Дәлірек айтсам, ұпай санау жүйесі. Қалай санайтынын түсінбедім. Біресе ұпай тартып алады, біресе, «Астанаға» қосқан секілді командаларға ұпай қосады. «Астана»-жақсы команда, оларды чемпиондығымен құттықтаймын! Бірақ, алтынға біз де лайық едік. Енді, Кубокке таласатын боламыз. Жігіттерге обал. Чемпион атануды бәрі қалады. Турнир аяғында сәттілік жетіспеді. Дегенмен, бұл-футбол, өмір өз жалғасын табады.

Аяғына дейін ойнағаны үшін командаға мың алғыс. Ойыншы алмастыру да өз көмегін тигізді. Деспотович ойынға етене араласып, екі гол соқты. Гоу мен Исаэльсіз командаға өте қиын. Шынымды айтсам, «Ақтөбе» «Астанаға» дәл бүгінгідей қарсылық көрсетеді деп ойламадым. Ойынның 80-ші минуттарында бір сәтке ғажайыптың болатынына сенген едік. «Ақтөбе»-жарайсың!-деп қорытынылады Вайсс матчтан кейінгі сұхбатын.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.