темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Соңғы жолдамалар сарапқа салынуда

Кеше футболдан 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Норвегия командасы өз алаңында Венгрия құрамасын қабылдап 0-1 есебімен есе жіберді. Ойындағы жалғыз голды 26 минутта Ласло Кляйнхайслер салды. Бір айта кетерлігі дәл қазіргі таңда Венгрия командасын, бұрын Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған Бернд Шторк баптайды.

Сонымен қатар Оңтүстік Америка, Африка және Азия аймақтары бойынша 2018 жылы Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңдері өтті. Оңтүстік Америка аймағы бойынша Боливия құрамасы Венесуэланы қабылдап 4-2 есебімен басым түсті және осы іріктеудегі алғашқы ұпайына қол жеткізді. Алексис Санчес бастаған Чили құрамасы өз алаңында Колумбия командасымен 1-1 есебімен тең тарқасты. Ойындағы алғашқы есепті 44 минутта Мюнхендік «Баварияның» ойыншысы Артуро Видаль ашқан болатын. Алайда 68 минутта «Реал Мадридтің» үздік футболшыларының бірі Хамес Родригес таразы басын теңестірді. Ал Эквадорлықтар Уругвай құрамасын 2-1 есебімен ұтып, 3 ойында 9 ұпаймен Оңтүстік Америка аймағының көшін бастады.

Африка аймағы бойынша өткен 2 ші айналымда Бурунди өз алаңында 2-3 есебімен Конго Демократиялық Республикасына есе жіберді. Сонымен қатар Намбия өз алаңында Гвинеядан 0-1 есебімен ұтылса, дәл осындай нәтижемен Тогода Угандаға есе жіберді. Ал Бенин құрамасы 2-1 есебімен Буркино-Фасоны жеңді. Сондай-ақ Морокко Экваториальная Гвинеяны 2-0 есебімен тізе бүктіріп, топтық іріктеу кезеңіне өтті.

Азия аймағы 2018 жылғы әлем чемпионатына 8 топқа бөлініп іріктеліп жатыр. Бұнда келесі айналымға әр топтан 1 құрма өтсе, екінші команда тағы бір іріктеу кезеңінен өтеді.

А тобында қазірше 13 ұпаймен Сауд Аравиясы көш бастап тұр. В тобында Иордания құрамасында 13, ал Австралияда 12 ұпай. С тобында Қатар командасы 5 ойындада жеңіске жетіп, 15 ұпай көш тізгінін нық ұстауда. Екінші үшінші орындарға Гонконг пен Қытай құрамалары жайғасқан. Д группасында 11 ұпаймен Оман мен Иран командасы әзірше топ басында бірдей тұр. Ал осы топтағы көршіміз Түкіменстан 7 ұпаймен үшінші орында келе жатыр. Е тобында топ басында 13 ұпаймен Жапония болса, Серияда 12 ұпай. F тобында Тайланд құрамасы 13 ұпаймен жеке дара көш бастауда. G Оңтүстік Кореяда 15 ұпай Кувейт пен Ливанда 10 ұпайдан. Н тобында Солтүстік Кореяда 13 ұпай, оңтүстіктегі көршіміз ала тақиялы өзбек ағайындарда 12 ұпай. Кеше Өзбекстан құрамасы Солтүстік Коряны 3-1 есебімен ұтты.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.