темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Портуды» танытқан таланттар

«Портуды» танытқан таланттар

«Порту» — Португалиядағы ең танымал клубтардың бірі. Футбол командасы боп құрылғанына бүгінде 122 жыл болыпты. Осы аралықта Портуды 78 бапкер жаттықтырған екен. 

«Драгау» стадионында жергілікті жанкүйерлер де өз клубтарының жеңістері мен жетістіктерінің куәсі боп келеді. 

 

Олар 27 рет Португалия чемпионы атанған. Португалия Кубогы мен Португалия Суперкубогын 20 рет ұтқан. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 2 рет жеңімпазы атанған.

Қазіргі кезде Португалияда чемпиондыққа 3 клуб талас жүргізуде. «Порту», «Бенфика»,» Спортинг». Олар ішкі біріншіліктің көрігін қыздырып, еурокубоктық ойындарда да ел намысын абыроймен қорғап жүрген клубтардың қатарында.

«Порту» — Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының тұрақты қатысушы.

Жорже Нуну Пинту да Кошта басқаратын бұл клубтың сапынан талай жұлдызды футболшылар шыққан. «Порту» клубының басты мақсаты талантты футболшыларды жастайынан танып, қолжетімді бағаға сатып алу. Команда сапындағы футболшылардың деңгейін өсіріп, қымбат бағаға сату олардың дәстүріне айналған.

«Порту» клубының 11 жыл ішінде өзге клубтарға 24 футболшысын сатып, 600 миллион еуро пайда көргенін бірі білсе, бірі білмес. Ендеше, «Порту» таныған, «Портуды» танытқан таланттардың тізімін ұсынамыз.

Портудың түлегі Рикарду Карвальо 2004 жылы «Челси» командасының футболшысы атанды.
Трансферлік құны — 30 млн. еуро.
«Порту» басшылығы Пауло Ферейраны португалиялық «Витория» командасынан —  2 млн. еуроға сатып алған.
2004 жылы Пауло Ферейра «Челси» футболшысы атанды. \20 млн. еуро\
Деку 1998 — 99 жылдары «Салгейруш» клубынан келген.
Портудағы бағасы — 12 млн. еуро.
2004 жылы «Порту» клубынан «Барселона» клубына 21 млн. еуроға ауысып барды. 
 

Пепе 2004 жылы «Маритиму Б» командасынан келген. Портудағы бағасы — 2 млн. еуро. 

2007 жылы мадридтік «Реал» командасының ойыншысы атанды.\30 млн. еуро\

Андерсон 2005 жылы бразилиялық «Гремио» клубынан Портуға 7 млн. еуроға ауысып келген.

2007 жылы «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды. \32 млн. еуро\

Жозе Босингва 2003 жылы «Боавишта» клубынан 2 млн. еуроға ауысып келген. Портудағы бағасы — 4 млн. еуро.

2008 жылы «Челси» ойыншысы атанды. \20 млн. еуро\

Рикарду Куарежма 2004 жылы «Барселона» клубынан 15 млн. еуроға ауысып келген.  

2008 жылы «Интер» ойыншысы атанды.  \25 млн. еуро\

2008 — 2009 жылдары Али Сиссоко сетубалдық «Витория» клубынан Портуға ауысып келген.

Трансферлік құны — 300 мың еуро.

2009 жылы «Лион» ойыншысы атанды.\12 млн. еуро\

Сиссоко 2015 жылы «Порту» сапына қайта оралды.

2005 жылы «Порту» Лисандро Лопесті аргентиналық «Расинг» клубынан 2,3 млн. еуроға сатып алған.

2009 жылы «Лион» ойыншысы атанды. \24 млн. еуро\

 

2004 жылы «Порту» Лучо Гонсалесті «Ривер Плейт» клубынан 6,6 млн. еуроға сатып алған. 

2009 жылы «Марсель» ойыншысы атанды.  \18 млн. еуро\

Рауль Мейрелеш 2004 жылы «Боавишта» клубынан келген.

2010 жылы «Ливерпуль» ойыншысы атанды. \13 млн. еуро\

 Бруно Алвеш Порту клубының түлегі. 2010 жылы «Зенит» ойыншысы атанды.  \22 млн. еуро\

Радамель Фалькаоны 2009 жылы «Порту» аргентиналық «Ривер Плейт» клубынан 3,93 млн. еуроға сатып алған. 

2011 жылы «Атлетико» ойыншысы атанды. \45 млн. еуро\

Портудағы бағасы —  5,5 млн. еуро.

2009 жылы Альваро Перейраны «Порту» румыниялық «ЧФР» клубынан  4,5 млн. еуроға сатып алған. 

2012 жылы  «Интер» ойыншысы атанды.  \11 млн. еуро\

2008 жылы Фреди Гуаринді «Порту» франциялық  «Сент-Этьен» командасынан 750 мың еуроға сатып алған.

2012 жылы «Интер» ойыншысы атанды. \11 млн. еуро\

2008 жылы Халкты «Порту» уругвайлық «Рентистас» клубынан 6,5 млн. еуроға сатып алған. 

2012 жылы «Зенит» клубына ауысты.  \50 млн. еуро\

Портудағы бағасы — 19 млн. еуро. 

2010 жылы Жоао Моутиньоны «Порту» лиссабондық «Спортинг» клубынан 11 млн. еуроға сатып алды.

2013 жылы «Монако» ойыншысы атанды. \35 млн. еуро\

2010 жылы Хамес Родригесті «Порту» аргентиналық «Банфилд» клубынан 5,1 млн. еуроға сатып алды.

2013 жылы Хамес Родригес «Монако» ойыншысы атанды. \45 млн. еуро\

2010 жылы Порту аргентиналық  «Велес» клубынан 4 млн. еуроға Николас Отамендиді сатып алды.

2014 жылы «Валенсия»  ойыншысы атанды. \12 млн. еуро\

2011 жылы Хуан Итурбені «Порту» парагвайлық «Серро Портеньо» командасынан сатып алды.

2014 жылы «Верона» ойыншысы атанды. \15 млн. еуро\

2007 жылы Фернандо бразилиялық «Вила-Нова» клубынан «Порту» сапына ауысып келді.

2014 жылы «Манчестер Сити» ойыншысы атанды. \15 млн. еуро\

2011 жылы Эльяким Мангаланы «Порту» бельгиялық  «Стандард» клубынан 7 млн. еуроға сатып алды. 

2014 жылы  «Манчестер Сити» ойыншысы атанды. \30,5 млн. еуро\

2012 жылы Данило «Порту» бразилиялық «Сантос» клубынан  13 млн. еуроға сатып алды.

2015 жылы «Реал»  сапын толықтырды. \31,5 млн. еуро\

2012 жылы Джексон Мартинес «Порту» мексикалық «Хагуарес Чьяпас» клубынан 11 млн. еуроға сатып алды. 

2015 жылы «Атлетико» сапын толықтырды.  \35 млн еуро\

Қазіргі кезде клуб сапында керемет өнер көрсетіп жүрген футболшылар жетерлік. Эктор Эрера, Кристиан Тельо, Абубакар Венсан, Корона Хесус, Браими Ясин сынды жігіттердің айдарынан жел есіп, әр ойын сайын жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленіп жүр. Оларда «команданың басты жұлдызы» деген түсінік жоқ. Бастысы, «Порту аждаһаларында» командалық ойын бар. Футболшылар өзге клубқа ауысқанымен орнын басар ойыншылар жетерлік.
Португалия чемпионатында 13 ойын бойы жеңіліссіз келе жатқан 2 команда бар. Бірі — «Спортинг», екіншісі —  «Порту».
Чемпиондыққа үміткер басты команда.  Лопетеги Хулен ұстаған тізгін, Касильяс бастаған команданың қарқыны мықты. Талай талантты футболшының бағын жандырып, үлкен футболдағы даңғыл жолдарын ашып берген Португалиядағы үздік клубтың жарқын болашаққа бастар қадамы қашанда оң болары сөзсіз.  Портудан шыққан әрбір футболшының жұлдызы жарық. Олар таланттыларды таниды, таланттыларды танытады.
Таңдау кімге түсер екен? «Айдаһарлар» іздеген таланттылар қайда?
 Абылайхан ЖҰМАШ
СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

3 комментария к записи “«Портуды» танытқан таланттар”

  1. Пепе, Хамес Родригес, Данило — керемет футболшылар! Мың да бір алғыс саған Порту!

  2. Jose Mourinho да жаңылыспасам Портудан шыққан

  3. дастан:

    Портуды емес, керисинше Порту таныткан таланттар болу керек негизи,


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.