темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«ЛЕСТЕР» АСПАНЫНДАҒЫ ҚАРА БҰЛТ СЕЙІЛЕР ЕМЕС

wbnjbrqv0po

Өткен маусым тарихқа кетті.

Былтыр ғана табанды ойынымен талайды тамсандырып, сенсациялы түрде Англия премьер-лигасының жеңімпазы атанған — «Лестер Сити» футбол клубының қазіргі хәлі мүшкіл. Сүреңсіз ойынымен жанкүйерлерін жер қаратып жүрген «түлкілер», 2017 басталғалы қарсылас қақпасына мүлдем гол соқпаған. Еуропаның үздік 5 лигасының «Лестерден» басқа барлық командасы бұл жылы қарсылас қақпасының кілтін тапқан. Англия примьер лигасында дəл мұндай антирекордтық нəтижені 1985-1986 маусымда, қаңтар- ақпан айында 5 ойын бойы гол соқпаған «Тоттенхэм» футбол клубы тіркеген. Қазіргі уақытта «Лестер» Англия премьер-лигасында турнирлік кестенің 16 орнында жайғасып, Чемпионшипқа түсу аймағынан бір ғана ұпай жоғары тұр.
1937-1938 жылы «Манчестер Сити» футбол клубы чемпиондықтан соң, Чемпионшипқа төмендеген жалғыз клуб болып саналады.

«Лестердің» соңғы 5 ойыны:
«Лестер» 0-0 «Мидлсбро»
«Челси» 3-0 «Лестер»
«Лестер» 0-3 «Саутгемптон»
«Бернли» 1-0 «Лестер»
«Лестер» 0-3 «Манчестер Юнайтед»

 

Ержігіт Күнтубаев

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.