темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Жартылай финалдың жауаптысы. «Барселона»-«Атлетико»

%d1%8e%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%81%d0%b0

Апта бұрын «Висенте Кальдеронда» жергілікті «Атлетиконың» қалпағын қайырған католондық «Барселона» қатарынан үшінші рет испан кубогын жеңіп алуға жақын. Азулы қарсыластың алаңында қос доп соғып алған Энрике командасы бүгін түнде өз футболын жоғалтпаса шешуші матчқа жолдама алады. Ал, жеңілмеуге қанша тырысып бақса да, Суарес пен Мессидің алдында қауқарсыздық танытқан Диего Симеоне шәкірттерінен не күтеміз?

7 ақпан. 02:00(Аст). Барселона. «Камп Ноу»
Испан кубогы. 1/2 финал. Қарымта матч.
«Барселона» жеңісті жолына қайта түсіп, ішкі біріншілікте мадридтің «Реалынан» ұпай санын біреуге қысқартты. Алайда, Зидан командасының екі ойыны кем. Соңғы 10 ойында католондықар 8 рет жеңіпті. Жаңа жылда алаңнан голсыз кеткен ойыны болмаған екен. 10 матчта 26 гол. Әр кездесуге шаққанда кемі 2 доп. Бұл жағынан Испаниядағы ең нәтижелі команда. Чемпионаттағы соңғы турда блауграна өз алаңында «Атлетиктің» қақпасына жауапсыз 3 доп соқты. Энрике алғашқы минуттардан алаңға жеті қосалқы құрамның футболшысын шығарды. Жарақаттарынан айыққан Бускетс пен Иньеста ойынға қатысатын аяқдопшылардың қатарына енген жоқ. Пике бірінші таймнан кейін демалысқа кетсе, Луис Суарес матчты алаң жиегінен тамашалады. Онымен қоса, ұзақ уақыттан бері бірінші рет Мессиді ойын барысында алмастырды.
«Атлетико» өткен жылдары Испанияда біз ғана «Реал» және «Барсамен» тайталаса аламыз деп мақтанушы еді. Осы маусымдв Хорхе Сампаоли баптайтын «Севилья» күшке мініп, матрасниктерді алғашқы үштіктен сырғытып тастады. Тіпті, «Атлетиконың» төртіктің қатарынан орын алуы да қиынға соғуы мүмкін. «Вильяреал», «Реал Сосьедад» секілді қайсар ұжымдар да мадридтіктердің әрбір сүрінісін реті келсе пайдаланып кетуге дайын. «Атлетико» осы маусымда аутсайдер командалармен жиі тең ойнап жүр. Мысалы, «Алавеспен» екі рет тең түсті. «Леганеспен» алғашқы айналымда тең тарқасты.

BARCELONA, SPAIN - AUGUST 28: Neymar (C) of FC Barcelona duels for the ball with Mario Suarez (R) and Gabi Fernandez of Atletico de Madrid during the Spanish Super Cup second leg match between FC Barcelona and Atletico de Madrid at Nou Camp on August 28, 2013 in Barcelona, Spain. (Photo by David Ramos/Getty Images)

«Висенте Кальдерондағы» матчта Симеоне командасы кемі тең есепке лайықты еді. Екінші таймда жақсы мүмкіндіктерді пайдалана алмады. Кейбір сәттерде католондықтар сәттілікпен серттескен секілді көрінді. Ойынның алғашқы бөлігінде Месси мен Суарестің жеке шеберлігі «Барселонаға» басымдылықты қамтамасыз етті. Үзілістен кейін Гризманн доп соғып, есепті қысқартты. Ақ тер, көк тер боп Тер Штеген қорғаған қақпаға қанша шабуылдаса да алаң қожайындары екінші допты дарыта алмай қойды.
Мадридтік команда «Камп Ноуда» 2006 жылдың ақпанынан бері жеңістің не екенін ұмытыпты. Финалға «Барселона» біршама жақын. Біріншіден, команда өз бабында еніп келеді. Энрике алдыңғы маусымның тактикасын қолданған секілді. Қаңтардан кейін «Барселонаның» екінші тынысы ашылғандай болып еді сол кезде. Нәтижесінде барлық трофейді қанжығаға байлады. Екіншіден, «Барселона» «Атлетикоға» қарсы ішкі біріншілікте де, испан кубогында да нәтижелі ойнайды. Үшіншіден, Суарес пен Мессиді тоқтату қиын бүгінгі таңда. Алғашқы ойынның есебі-қонақтарды шшабуылдаға итермелейді. Бұл дегеніміз-«Барселонамен» ашық футбол ойнау. Кейбір сәттерде қорғаныста Месси мен Суареске қарсы үш-төрт футболшы ғана қалуы мүмкін. Ондай кезде қос сұмерген істі аяқтамай қоймайды. Әрине, Симеоне батырлары қарсыласпен әдеттегідей жанын салып шайқасады, алысып-жұлысады. Қызыл қағаз да көріп қалуымыз мүмкін. Әйткенмен, «Барсаны» жеңу үшін қонақтарға бірінші ойынның нәтижесі өте тиімсіз болып тұр.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.