темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Жанкүйерлерінің алдында қара бет болды…..

Қазақстан Премьер-лигасының 23-тур аясында Ақтөбеде жергілікті «Ақтөбе» Қобыланды батыр атындағы орталық стадионында еліміздің қазіргі чемпиондары «Астананы» қабылдап 0:3 есебімен ойсарай жеңілді. Бұрын қос команданың ойындары лигамыздың орталық кездесулерінің бірі болса, қазір тек «Астананың» кезекті 3 ұпай алатын оңай олжасы десек те болады. Дегенмен де 11-шы орында келе жатқан сүйікті командасын қолдауға келген жанкүйерлердің санының шегі болмады. Одан бөлек кеше «Ақтөбе» футбол клубының 50 жылдық мерей тойы еді. Соған орай эстрада жұлдызы Ерке Есмахан келіп  үзіліс кезінде ән шырқады. Алайда «Ақтөбенің» бұл мейрамын Елордадан келген қонақтар тас талқан етті. Ойын толықтай «Астананың» басымдығымен өтті. Матч барысында Стойлов шәкірттері  үздіксіз шабуылдар ұйымдастырып отырды.  Десек те алаңда жиылған жанкүйерлер голды тек ойынның бірінші бөлігінің бел ортасынан асқан соң көрді. Жергілікті фанаттардың өкінішіне қарай Муханов баптайтын ұжымның шабуылшысы Зенькович автоголдың авторы атанды. Жанкүйерлерінен қолдау алып отырған алаң иелері бірнеше рет шабуылдап көрді, алайда қонақтардың қорғанысы сыр бермеді. Кездесудің екінші бөлігінде Кабананга мен Граховацтан бір бір голдан жіберген алаң иелері, жауап қайтаралмай жеңіліс тапты. Қорытынды есеп 0:3 Астананың айқын басымдығы.

«Ақтөбе»(Ақтөбе) 0:3 «Астана»(Астана)                                                                         Голдың авторлары: 0:1 — 33 мин, Зенькович(автогол), 0:2 — 51 мин, Кабананга, 0:3 — 79 мин, Граховац.

Руслан Мералиев

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.