темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Неймардың бағасы 222 млн евроға жетпейді

Картинки по запросу неймар и пике

Каталондық «Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике француздық «ПСЖ»-ның шабуылшысы Неймар жайында өз пікірін білдірді.

«Болатын істің бәрі болғаннан кейін мен енді бар шындықты айтып бере аламын. Мессидің тойының кезінде-ақ Неймардың «Барсадан» кететін ойы болды. Мен твиттерде «Неймар ешқайда кетпейді!» деген жазбамды шығарғанда оның қалмайтынын білдім. Ол маған қатты ашуланды. Бірақ біз оны өзара реттеп жатармыз. Оның кетуінің өзіндік себептері болды. Біз оны кінәлі деп айыптай алмаймыз, өйткені ол батыл шешім қабылдады. Неймар «Барсада» керемет ойын-өрнегін көрсетті. Алайда оның бағасы 222 млн евроға татымайды» — деп мәлімдеді Пике.

Оның алдында бразилиялық шабуылшы  «блаугранастан» париждік «Пари Сен-Жермен» клубына рекордтық 222 млн евроға ауысқан еді. Осылайша ол футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды.

Руслан Мералиев

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.