темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Бүгін Эль-класико!

Картинки по запросу барселона реал 2016

Бүгін Испания Суперкубогының алғашқы кездесуі өтеді. Кубоктық додада топ жарған каталондық «Барселона» өз алаңында Ла Лигада алдына жан салмай жеңіске жеткен мадридтік «Реалды» қабылдайды. Ойын өте тартысты, әрі қызықты өтетініне футбол сүйер қауым күмән келтірмесе керек. Себебі бір-біріне қас дұшпан атанған қос команда өздерінің жанкүйерлерінің алдында жеңіс үшін барын салатыны анық. Тіпті достастық кездесулерінің өзі де қос ұжымның жан алысып, жан берісуімен өтеді. Сол себепті испаниялық  қос клубтың ойындарын Эль-класико деп атайды. Одан бөлек Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің бәсекелестігі тағы бар. «Кремділер» биылғы трансферлік терезеде Хамес(аренда), Мората сынды футболшыларын сатып жіберді. Есесіне қорғаушы Эрнандесті  және өзінің академиясының түлектерін негізгі құрамға қосты.  Ал басты шабуылшыларының бірі Неймардан айырылған «блаугранастың» шабуыл шегі әлсіреді ме, әлде қатарындағы Деулофеу, Алькасер сынды аяқдопшылар кеткен бразилялықтың бос орнын жаба ала ма? Оның жауабын келешектегі маусымның көрсетері хақ.

Қос ұжымның жеке кездесулерінің статистикасына көз жүгіртсек, осыған дейін 204 рет жасыл алаңға шығыпты. Соның 85-де «ақтардың» мерейі үстем болса, «Барса» тек 80 рет жеңіс тойын тойлаған екен. Салған голдардың саны: «Реалда» 339, ал «Барсада» 321. «Реалдың» ірі есеппен жеңген жеңісі: 8:2. Ал «Барсаныкі»: 11:1. Нәтижелі тең ойын: 5:5.

Естеріңізге сала кетейік ойын бүгін түнде астана уақытымен  02:00-де басталады.

 

Руслан Мералиев 

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.