темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ұтсаң төрде, ұтылсаң көрдесің

59aa5a51e1ff9Түс әлетінде әуе кемесіне отырып Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Астана-Варшава бағытында жол тарттық. Футболшыларымызда көңіл-күй көтеріңкі емес екенін Ғафұржан Сүйімбаев, Исламбек Қуаттардың түр әлпетінен анық аңғаруға болар еді. Әрине, енді ше? Дегенімен, өткен ойын өтті. Оны тегіс ұмытып, жаңа ойынға дайындалу қажет. Кейбір ойыншылар түн жарымына дейін ұйықтай алмай, таң ата ғана көз шырымын алғандарын айтады. Варшаваға жетісімен кешқұрым бір жаттығу жасап, тынығу қажет. Одан кейінгі 2 күн тыңғылықты дайындық қажет. Бапкерлік штаб дайындаған материалдарға сәйкес ойынның мәнерін ұғыну, сол бойынша ойнауға дағдыланып үлгеру керек. Әрине, өзгеріс көп болмасы анық. Дегенмен, бірлі-жарым өзгешелік болары хақ.

Бородюктің жаңалығы

Черногорияға қарсы матчта біз Бородюктің бір жаңашылығын көріп қалдық. Ол Дмитрий Шомко мен Ғафұржан Сүйімбаев екеуін бір қапталға орналастырып жібергені. Қапталдағы қос қорғаушының бастары бір қазанға сыймай жүрген. Екеуі бір-бірінің орнын ойсыратпай, жоқтатпай жүрді. Өз қапталдарында мықты екені анық. Сүйімбаев сәл жоғарырақ орналасып, жартылай қорғаушының қызметін атқарды.  Құрамаға дене қуаты мығым, 90 минут шапқылап жүре алатын ойыншыларды көптеп тартқысы келетін Бородюк бұл жерде қателеспеді. Қара қыраттар елімен болған ойын соны көрсетті. Біздің ойымызша бапкер бұл өзгерісті әр ойын сайын шынықтырып, пысықтай түседі. Ал қалған орындарда әркім өз орнында қала берді. Тек Роман Мұртазаевтың негізгі құрамда, әрі толыққанды шабуылшы болып шыққан демесеңіз. Ойын аяқталысымен, Черногория бапкері «әлгі 14 нөмердегі Мұртазаев ұнады» деп мәлімдеген. Роман жалғыз өзі жортуыл жасап, біршама шабуылға сеп болды. Дегенмен, жас шабуылшыға 90 минут тоқтамай өнер көрсету әлі де ауырлау екен. Болашақта бұл жігіттің негізгі шабуылшы қызметін атқарып кетуі де ғажап емес. Тек, баспен бағыттайтын соққылары әлсіздеу.

Исламханның жоқтығы

Қазақстан құрама командасы Еуропалық көптеген командаларға қарсы ойнады. Қарсылас құраманың бапкерлері бір ауыздан келісіп алғандай, «Сіздердің командаларыңыздың мықты ойыншысы ортадағы 9 нөмер екен» деп жататын. Сол Бауыржан дисквалификацияға кеткен соң орны ойсырады демесек те, жоқтығы білінеді. Кейде кесіп беретін пастары, елдің бәрін сабырға шақырғандай допты ұстап жүріп алатын, лидерлік қасиеттері керек-ақ еді. Дегенмен, құрамамыз ешқашан бір ойыншыға қарап қалмауы тиіс. Кезінде Украина құрамасы Шевченко жарақат алған шақта да жеңісті жолын жалғастыра беретін. Жуков жарақат алды, сол ойында Мақсат Байжанов сары қағаз алып, Польшаға қарсы кездесуге шыға алмайтын болды. Енді ортада кімің қалды? Көптеген мүмкіндікті голға айналдыра алмаған Қуат бұл жолы өз кінәсін жуып-шаюға тырысар. «Ертісте» алыстан соққы жасап, голдар соғып жүрген Аслан Дарабаев бәлкім осы жолы негізгі құрамнан орын табар. Еркебұлан Тұңғышбаев пен Асхат Тағыбергендерді де ұмытпаймыз.

Тазы ашуын тырнадан ала ма?

Польша құрамасы бізбен қатар кездесу өткізіп, ауыр соққы алды. Дания құрамасы поляктарды 4:0 қылып ұтты. Кристиан Эриксен бастаған жігіттер Польшаны сабасына түсірді. Бұлайша жеңіледі деп ешкім ойламады. Енді ызалы тұрған Польша ашуын Қазақстаннан алар ма екен? Оның үстіне Роберт Левандовский Криштиану Роналдумен сұрмергендер көшінде тартысып келеді. Португал ойыншысы хет-трик жасап, Робертті артқа тастады.

Ұтсаң ұлық, ұтылсаң ұлтарақсың

Варшаваның «Фредрик Шопен» атындағы әуежайына қона салысымен Давид Лориямен тілдесіп қалдық. Бізді кеше «Астана-Аренада» жанкүйерлер сөзбен сыбап салды. Иә, жеңілгеніміз рас. Нашар ойнадық. Бізді солай қатты сынға алатынын білеміз. Бірақ, шамамыздың жеткені сол ғана болды. Ал егер ертең Польшамен тең түсіп, ұпай алатын болсақ, бізді жанкүйерлер қайтадан мақтай жөнеледі. Біздің фанаттарымыздың менталитеті сондай» деп қысқа қайырды. Әрине, Давидтің сөзінің де жаны бар шығар. Кейбір елдердің жанкүйерлері ұтылса да, ұтса да қолдауын аямайды. Алайда, бұл пікірде әркімнің ойы бөлек.

P/S

Польша астанасы Варшавада күн салқын. Қайта-қайта себелеп жаңбыр жауады. Ертең баспасөз мәслихаты мен ойын алдындағы ашық жаттығу өтпек. Сол уақытта құраманың да кескіні кішкене анықталып қалар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.