темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Жеңіс жоқ, алғашқы ұпай бар

УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңі екінші турмен жалғасты.  28-қыркүйек күні «А» тобында жайғасқан «Астана», өз алаңында чехиялық «Спарта» клубымен кездесті.

Өз алаңында сенімді ойнайтын «Астана» клубынан жанкүйерлер жеңіс күтті. Алғашқы минуттарда командалар қарқынды ойын көрсетпеді. Тек кезекте-кезек айып соққысын алып жатты. 17 минутта кезекті айып соққысын «Славия» футболшылары голға айналдырды. Ян Симондели допты әуелете «Астана» айып алаңына жеткізді.

Әріптесі Нгадеу баспен соққы жасап, Эрич қақпасынан cаңлау тапты. Гол жіберген алаң иелері толықтай допқа иелік етіп, қақпаны нысанаға алуға тырысты. Сол мүмкіндікті «Астана» ойыншылары 42 минутта іске асырып, қарсылас қақпашысын қапы қалдырды. Кабананга алыстан сол аяғымен соққы жасады. «Славия» қақпашысы Коварж соққыны қайтарып үлгерсе де, айып алаңда Марин Томасов допқа бірінші жетті. Есеп 1:1.

Келесі кездесуді «Астана» 19 қазанда өз алаңында «Маккаби Тель-Авив» футболшыларына қарсы өткізеді. Алдыңғы маусымда осы израильдық клуб алматылық «Қайратты» екінші іріктеу кезеңінде жолдан тайдырған болатын.

Осы кездесуден кейін «Астана» өз алаңындағы 16-шы ойын қатарынан жеңілмеді. Соңғы рет 2014 жылы тамызда испандық «Вильярреал» футболшыларына жеңілген болатын.  «Астананың» жеңіліссіз сериясы «Вильяреалмен» басталып, «Вильярреалмен» аяқталмаса дейміз.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.