темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Неміс машиналарының» моторлары стук берді

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының екінші турында «неміс машиналарының» моторлары стук беріп, бундес лига командаларының барлығы қарсыластарынан қирай ұтылды. Чемпиондар лигасында әйгілі «Баварияны» Парижде француздардың ПСЖ-сы 3:0 есебімен тас-талқанын шығарса, Түркияда «Бешікташтық» бауырлар «Лейпцигті» 2:0 есебімен есеңгіретіп еліне қайтарды. Дортмундтың «Боруссиясы» өз үйінде «Реалға» таланды, есеп 1:3.


Ал Еуропа лигасында «Кельны» өз ауласында Сербияның «Црвена жұлдыздарына» 0:1 есебімен ұтылса, шведтерге қонаққа барған «Гертасы» да жергілікті «Эстерсундқа» дәл осындай есеппен есе жіберді. Соңғы үміттері Болгарияда «Лудогерецке» қарсы ойнаған «Хоффенхаймда» еді. Алайда, ойынның бірінші бөлігінде 0:1 есебімен жеңіп тұрған хоффенхаймдықтар екінші таймда алаң иелерінің тегеурініне төтеп бере алмай екі гол жіберіп алды. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бір турында осы командалардың барлығы бірдей жеңіледі десе, футболдан хабары бар адамның сенбесі анық. Алайда, күні кеше тіркелген осы нәтижелер доп домалақ екенін тағы да дәлелдеп берді.

Нұрболат Әлдибектің фейсбуктегі парақшасынан

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.