темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ұлттық құрама Румынияға қарсы не көрсетеді?

6 қазан күні Қазақстан құрамасы Румынияға қарсы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында қонақта кездесу өткізеді. Бұл ойында қонақ болып қайтады ма, әлде ұпаймен оралады ма?

Әлем чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылдық. Іріктеу кезеңде әлі бір рет жеңіс дәмін сезбедік. Сегіз кездесуде тең нәтижелі екі ойынды (Қазақстан-Польша 2:2), (Қазақстан-Румыния 0:0) қанағат еттік. Бұл бас бапкеріміз және Қазақстан футбол федерациясының бас қатырар мәселесі.

Румыния өз алаңында Польша құрамасына жеңілгендігі болмаса (0:3), Черногория және Дания футболшыларымен тең ойнап, Арменияны 1:0 жеңсе де, қонақта 5:0  есебімен тағы да масқара қылған еді. Румыния ұлттық құрамасының Қазақстаннан басым екенін немен аңғара аламыз?

Еуропадағы тәжірибе. 1970, 1990, 1994, 1998 жылдары Әлем чемпионаттарында өнер көрсеткен болатын. Ал Еуропа чемпионаттарында 1984, 1996, 2000, 2008, 2016 жылдары қатысты. Қазақстан құрамасында мұндай нәтиженің әлі мақтап айтар біреуі де жоқ.

Румыния құрамасының капитаны италияның «Наполи» командасының қорғаушысы Влад Кирикеш. Бұл футболшы көбіне қосалқы құрамның ойыншысы. Соңғы рет алаңға 11 қыркүйекте «Болоньяға» қарсы өткен кездесуде шыққан болатын. Қосалқы құрамнан қосылып отырса да, бас бапкердің сеніміндегі қорғаушы.

Көп статистика Румынияның басым екенін көрсетеді. Әттеген-ай, Еуропада жарқырап жүрген қазағымыздың жоқтығы ұлттық құрама ойындарында көрініп қалады. Өз алаңымызда тең ойнауға күшіміз жетсе, конақта жеңісті неге жұлып әкетпеске? Барлық нәтиже бас бапкер қойған тактика мен футболшыларымыздың дайындығына және намысына байланысты. Бұл кездесуге капитанымыз Бауыржан Исламханның қатыспайтындығы өкінішті. Естеріңізде болса, Алматыда Данияға қарсы өткен кездесуде қызыл қағаз алып, үш ойынға дисквалификация алған болатын. Исламхан 8 -қазан күні Арменияға қарсы өтетін кездесуде алаңға оралады.

Төлепберген МӘЛІКҰЛЫ

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.