темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Румынияға қарсы кімдер алаңға шыға алмайды?

Бухарестте өтетін ойынға Юрий Логвиненко қатыспайды. Польшаға (0:3) қарсы өткен ойында қорғаушымыз іріктеу кезеңдегі екінші сары қағазын алған болатын. Ал алғашқысын, Алматыда Данияға қарсы өткен кездесуде алған еді.

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушымыз Георгий Жуков Черногорияға (0:3)  қарсы кездесуде алған жарақатына байланысты бұл футболшы әлі де емделуде.

Капитанымыз Бауыржан Исламхан Данияға қарсы өткен ойында алған қызыл қағазы үшін, үш ойынға дисквалификация алды. Келесі Арменияға қарсы өтетін кездесуде Исламхан алаңға оралады.

Румынияға қарсы өтетін кездесуге қатыспайтын футболшылар құраманың маңызды ойыншылары. Логвиниенко қорғанысымызға сыр бергізбеуші еді. Исламхан өзінің өткір пастарымен шабуылға көмектесетін футболшы.  Ал Жуков, қорғаныс пен шабуылды жалғап отырған ойыншы.

Арменияға қарсы өтетін кездесуде Логвиненко және Исламхан алаңға оралады. Бірақ, Жуков, жарақатынан айығып үлгермейді.

Ұлттық құрамамызға Таңат Нөсербаев және Дмитрий Мирошниченко қайта оралды. «Ордабасыда» бұрыңғы бабына келгенін байқаған Александр Бородюк, Нөсербаевты құрамаға қайта шақырды. Ал «Тобыл» қорғаушысы Мирошниченко үшін, өзінің ұлттық құрамада ойнауға лайық футболшы екенін дәлелдуге үлкен мүмкіндік.

Румыния және Арменияға қарсы кездесуге шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков (барлығы — «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов (екеуіде — «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Виктор Дмитренко («Шахтер»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, (екеуіде — «Қайрат»), Серікжан Мужықов, Асхат Тағыберген (екеуіде — «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуіде — «Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Аслан Дарабаев («Ертіс»);

Шабуылшылар: Роман Мұртазаев («Астана»), Танат Нөсербаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).

Қосалқы тізімдегі футболшылар: қақпашы — Марсель Исламқұлов («Қайсар»), қорғаушылар — Александр Кислицын («Ертіс»), жартылай қорғаушылар — Жақып Қожамберді («Тараз»), Мардан Төлебек («Ордабасы»), шабуылшы — Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»).

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.