темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Мықтылар іріктелуде

Ресейде 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің шешуші кездесулері өтіп, ақтық сынға жолдама алған құрамалар анықталуда. Бүгінгі өткен ойындардың нәтижесі бойынша ұлттық құрамамызбен бір топта ойнап, 1-ші орын алған Левандовски бастаған Польшаның ұлттық құрамасы соңғы кездесуде Черногорияны 4:2 есебімен жеңіп, ақтық мәреге шыққан «бақытты» командалардың қатарын толтырды. Одан бөлек Ресей (ӘЧ қожайыны ретінде), Англия, Германия, Сауд Арабиясы, Бразилия, Оңтүстік Корея, Бельгия, Испания, Нигерия, Иран, Мексика, Жапония құрамалары өз топтарында топ жарып, төрт жылда бір өтетін мундиальға қатысу құқығына ие болды. Іріктеу ойындары бүгін және ертең өз жалғасын тауып, мықтылар іріктеледі.  Осымен Польша ӘЧ-на 8-ші рет қатысқалы отырса, ұлттық құрамамыз  Армениямен 1:1 есебімен тең ойнап, 10 ойында 3 ұпай жинап,  Е тобының «үздік алтылығын» түйіндеді.

Руслан Мералиев

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.