темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Армениямен тең түстік

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы ойынын Қазақстан құрамасы Армениямен 1:1 есебімен тең нәтижемен аяқтады.

Бұл ойын басқалардан өзгеше. Себебі, Қазақстан құрамасы алаң иесі екенін сезіп ойнағандай… Алғашқы минуттарда Қазақстан өткір шабуылдауға тырысты. Мүмкіндіктер қос команда да болды. 25-минутта өкінішке орай «Астана Аренаға» бірінші рет келмеген Пицелли, әріптесі Мхитарянға пас шығарды. Мхитариян Лорияны қапы қалдырып, есепті ашты.

Екінші таймда Тұңғышбаевтың орнына Сергей Хижнеченко кірді. Хижнеченко кіргеннен кейін сол қапталымызда жылдам шабуылдар көбейді. 61-минутта Мұртазаев сол қапталдан допты әуелете айып алаңына жеткізді. Допқа бірінші боп Тұрысбек жетіп, баспен соққы жасады. Бауыржан қақпашыны қапы қалдырып, таразы басын теңестірді. Ойын соңына дейін Қазақстан гол соғуға тырысса да, шабуылдар нәтижесіз аяқталды.

Бүгінгі кездесуде: Мұртазаев, Нұрғалиев, Тұрысбек жақсы өнер көрсетті. Тек шабуыл шебіне дәлдік жетіспей, көп негізгі ойыншылармыздың жетіспегендігі көрінді. Исламхан, Шомко, Жуков, Қуат, Мұжықов секілді футболшыларымыз болғанда, есеп басқаша болар ма еді?

Армения және Қазақстан осыған дейінгі кездесулерде алты рет кездессе, жетіншісін алғаш рет тең есеппен аяқтады. Осы кездесумен Қазақстан құрамасы «Е» тобын соңғы орында тәмамдады. Он кездесуде үш тең нәтижелі ойынмен және жеті жеңіліспен аяқтады.

                                                                                                                                    Төлепберген МӘЛІК

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.