темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Польша Әлем чемпионатына шықты

2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде, «Е» тобында Польша өз алаңында Черногорияны 4:2 есебімен жеңді.

«Е» тобының алпауыты болған Польша құрамасы, фаворит атағын ақтап шықты. Іріктеу кезеңінің соңғы кездесуін Черногорияға қарсы ойынмен аяқтады.

Польша лық толған стадионмен Черногория қақпасын алғшқы минуттардан бастап шабуылдады. 6-минутта Черногория қақпасына алғаш голды Мончиньски соғып, Польшаны есепте алға шығарды. 16-минутта Левандовски, әріптесі Гросицкиге айып алаңда пас шығарды. Чемпионшипте өнер көрсетіп жүрген Гросицки мүлт кетпеді.

Черногория тек екінші таймда шабуылда қауіп төндіре бастады. 78-минутта Мугоша қайшылап гол соғып, есепті қысқартса, 83-минутта Никола Вучевич таразы басын теңестірді.

Қуаныштары көпке созылмаған Черногория, 85-минутта Левандовскидан гол жіберсе, 87-минутта өз қақпаларына гол соқты. Қортынды есеп — 4:2.

Польша құрамасы «Е» тобының он кездесуінде: 8 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліс тауып, бірінші орынмен Ресейде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

                                                                                      Төлепберген МӘЛІК

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.