темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Дания Әлем чемпионатына бір қадам жақындады

2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде, «Е» тобында Дания өз алаңында Румыниямен 1:1 есебімен тең ойнады.

«Тоттенхэм» клубының негізгі ойыншысы, АПЛ жұлдыздарының бірі Кристиан Эриксен Дания құрамасының лидері болды. Бірінші таймда толық шабуыл Эриксен арқылы жүріп жатты. Эриксен 59-минутта пенальтиден есепті ашып, Дания құрамасын алға шығарды. 63-минутта қонақтар он ойыншымен қалды. Румыния футболшылары соның өзінде 88-минутта Дяктың соққан голымен, таразы басын теңестіріп, ойын нүктесін қойды.

Дания құрамасы Әлем чемпионатына шығу үшін барын салып ойнады. 2010 жылы Әлем чемпионатына қатысса, 2014 жылы жолдамасыз қалған болатын. Дания құрамасы бұл ойыннан кейін керек нәтижеге қол жеткізді, яғни, қосымша кездесу өткізеді.

                                                                                      Төлепберген МӘЛІК

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.