темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Салахтың қос голы Мысырға тарихи жеңіс сыйлады

Похожее изображение

2018 жылы өтетін ӘЧ-ның финалдық кезеңіне өткен алғашқы 15 құраманың ішіне Мысыр да енді. Олар шешуші матчта Конгодан 2:1 есебімен басым түсіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл кездесудің бас қаһарманы ретінде англиялық «Ливерпульдің» шабуылшысы Мохаммед Салахты атап өтсек, артық болмас. Себебі осы ойында ол дубльдің авторы атана қоймай, кездесу бойы басынан аяғына дейін елінің намысы үшін барын салды. Тіпті асқан белсенділігінің арқасында сары қағазбен де «марапатталды». Әйтсе де дегеніне жетіп, еліне тарихи жеңіс сыйлады. Әсіресе оның ойын соңында қосылған қосымша минуттарда 11-метрлік айып добын мүлтіксіз орындап, қақпашымен допты екі жаққа жіберіп соққан әдемі голы ел есінде ұзаққа қалатыны сөзсіз. Ал мысырлықтар ӘЧ-на 1990 жылдан бері араға 28 жыл салып қайта оралды.

Руслан Мералиев

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.