темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Еуропалық «Астана»!

%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0-%d1%84%d0%baФутбол клубтары арасындағы УЕФА-ның рейтингіне көз салыңызшы. 88 қатардан «Астананы» табасыз. Бұл межені қазақстандық клубтардың арасында бірінші болып бағындырған «Астана». Бір аттаса Мәскеудің «Динамосын», екі аттаса ағылшындардың «Эвертонын» қуып жететін әлеуеті бар. «Астана» Еурокубок ойындарында өз алаңында мүлдем ұтылмапты. 17 матчтың тоғызын ұтып, сегізімен тең түсіпті. Мадридтен «Атлетико» келіп гол соға алмай кетіпті, Лиссабоннан «Бенфика» келіп бір ұпай арқалап қайтыпты. Осыдан 5 жыл бұрын мұндай дүние ертегідей естілетін, бүгін міне шындыққа айналды.

Бірақ, «Астананы» өз үйінде ғана азу көрсетіп, жыраққа шықса құйрығын басып қаша жөнелетін қорқауға теңегендер көп болды. Статистика да соны меңзейді, 17 ойында тек Юрмаланың «Спартагын» ұтыпты. Енді міне, Тель-Авивтің «Маккабиін» ұтып, тарихи жеңіске қол жеткізді. Тарихи дейтін себебіміз, «Астана» Еуропада алғаш рет бір команданы үйде де, түзде де ұтып отыр. Топтық кезеңдегі ойында алғаш рет түзде гол жіберген жоқ. Мұндай жетістік болмаған. Романтика!

Эмоцияны қойып, нақты әңгімеге көшсек. Бүгінгі футбол эстетикадан алшақтап барады, нақты нәтижені мақсат тұтатын прагматикалық ойын салтанат құрды. Бұл тек «Астананың» ғана емес, әлемдік футбол клубтарының ойын философиясына айналды. Қорғану да өнер, ал қорғанып жүріп гол соғу – футболдағы ең биік өнер. Осыдан бірер күн бұрын «Тоттенхэм» өз алаңында билеп төстемей-ақ «Реалды» жеңді, үстемдік құрмай-ақ үш ұпайын алды. Ең басты құндылық – нәтиже. «Астананың» ойыны да сүйсініп қарайтындай, телміріп тамашалайтындай, шебер пас шығарып, жылдам доп алмасып, алаңда үстемдік құрып, қарсыластың қақпасына топырлатып гол соғатын, позициялық шабуыл жасауда ешкімге дес бермейтін эстетикалық деңгейдегі ойын емес. Станимир Стойлов қорғанысқа көп көңіл бөледі, ойын тактикасы қорғаныстың негізінде құрылған. Ортадан допты тартып алған жағдайда желмен жарысатын Твумаси, Томасов секілді желаяқ ойыншылар, гол соғатын Кабананга дейтін бомбардир бар. Әрине, бұл «Астананың» ішкі біріншіліктегі ойындарына қатысы жоқ. Бірақ, Еуропаға басқаша бейімделі мүмкін емес. Астана қатарынан үшінші жыл Еурокубок ойындарының топтық кезеңінде ойнап келеді. Жыл сайын ілгерілеу бар. Әр қателіктен сабақ алады, әрбір матчтан тәжірибе жинайды. Кешегі ойын соны көрсетті.

Мәселен, 2015-2016 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Атлетико» (Мадрид), «Бенфика» (Лиссабон), «Галатасарай» (Стамбұл) сияқты азулы командалармен бір топқа түсті. 5 гол соғып, 11 гол (топтағы ең төмен көрсеткіш) жіберді. Бірде-бір матчты жеңе алмай, төрт ойында тең түсті. 2016-2017 жыл. Еуропа лигасының В тобында «Янг Бойз» (Берн), АПОЭЛ (Никосия) және «Олимпиакоспен» (Пирей) секілді командалармен жолы түйісті. Бұл топта бір ойында жеңіске жетіп (АПОЭЛ 2-1), екі ойында тең түсті. Тағы да 5 гол соғып, 11 гол жіберді. Енді міне, Еуропа лигасының А тобында «Вильярреал», «Славия» (Прага), «Маккаби» (Тель-Авив) секілді футбол ұжымдарымен плей-офф кезеңіне шығу үшін үлкен талас болып жатыр. Бар-жоғы 4 тур өткізді, бірақ 7 гол соғып үлгерді («Вильярреалмен» бірдей көрсеткіш). 2 ойынды ұтып, бір тең ойынға қол жеткізді. Әлі үйде испандармен, түзде чехиялықтармен доп тебеді. Демек, 7 ұпай ақырғы меже емес. «Астана» тағы бір тарихи межені бағындыруға бет алды. «Астананың» Еуропадағы жорығы жаңа жылдан кейін де жалғасады деген үміт басым. Стойлов осы маусымды сәтті аяқтағаннан кейін командаға жоғары деңгейде ойнайтын орталық қорғаушылар шақыруға себеп бар.

Кеше орталық қорғаныста ойнаған Постников пен Малый әлі де болса Логвиненко мен Аничичті тең дәрежеде алмастыра алатын ойыншылар емес екенін дәлелдеді. Әсіресе, Малыйдың кешегі ойынына дақ түсірмей, Постниковты сыннан аман алып қалған қақпашы Ненад Эрич болды. Дәл қазір «Астана» Еурокубоктағы ойындардан 20 млн. еуро көлемінде пайда түсірді. Команданың Еуропаға жорығы жалғаса берсе, түсетін қаржы көлемі де ұлғаятыны сөзсіз. Бүгінгі футбол осы, қоржыныңды ұпаймен ғана емес, қаржылай да толтыруға болады. Мұндай олжа қазақстандық клубтар үшін екі есе жеңіс.

Жандос БАЙДІЛДА

https://egemen.kz/article/160737-europalyq-astana

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.