темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Немістер жеңілістен аман қалды

Картинки по запросу германия франция

2018 жылы өтетін ӘЧ-ның фавориттері болып есептелетін мундиальдың қазіргі жеңімпазы Германия мен соңғы ЕУРО-ның финалисі Франция ФИФА-ның жолдастық кездесулерге белгілеген мерзімін тиімді пайдаланып, немістердің Кельн қаласында жасыл алаңда жолықты. Қос ұжым жартылай қосалқы құраммен ойнаса да көпшілік көрермен күткендей, матч қызықты өтті. Әйтсе де екі азулы команда кім мықтыны анықтай алмай, 2:2 есебімен тең тарқасты. Алаң иелері әдетінше допты көбірек бақылап, түрлі комбинациялық шабуылдар ұйымдастырса, француздар екінші нөмірде ойнап, қарсы өткір шабуылдармен жауап қайтарып отырды. Кездесудің 31-ші минутында қонақтар есеп ашты. Марсьяльдің қақпашыны алдап өтіп барып берген пасын, Ляказетт голға айналдырды. Ойынның екінші бөлігінде немістердің талантты жас шабуылшысы Тимо Вернер  56-шы минутта есепті теңестірді. Артынша тынымсыз сол баяғы Лякезетт матчтың 71-ші минутында Трапппен жеке дара шығып, қақпашыдан айласын асырды. Есеп Дешам шәкірттерінің пайдасына 2:1. Кездесуге қосылған қосымша минуттар аяқталар сәтте Штиндль гол соғып, көңілдері түсіп отырған жергілікті жанкүйерлерді қуантуымен қатар, командасын жеңілістен аман алып қалды.

Руслан Мералиев

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.