темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Астананың» ерлігі немесе тарихи жеңіс

«„Астана“ оставила Данни без плей-офф». Российские СМИ выделяют «прорыв» столичной команды в Лиге Европы

УЕФА Еуропа лигасының соңғы 6-шы турында «А» тобында өнер көрсеткен  елордалық «Астана» сырт алаңда чехиялық «Спартаны» 0:1 есебімен тізе бүктіріп, плей-офф кезеңіне шықты. Чехтарға келесі кезеңге өту үшін тең есеп те жеткілікті еді. Сол себепті олар ойынды асықпай бастап, «уақытты барынша созып өткізуді» жөн көрді. Ал біздің жігіттерге жеңіс ауадай қажет еді. Сондықтан кездесудің басқалай қорытындысы отандастарымызды қызықтырмады да, қанағаттандырмады да. Соны естен шығармай, еліміздің намысы үшін барын салған жерлестеріміз, жеңісті қолдан бермеді. Ойынның 38-ші минутында Аничич есеп ашты. Артынша тек шабуылға көшкен чехтар матч аяқталғанша қонақтардың тас қамал қылып құрған қорғанысын бұза алмады, тиісінше есеп өзгеріссіз қалып, елордалық ұжым тарихи жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында Еуропа лигасының 1/16 раундына алған жолдамамен қатар «Астана», елімізге алда келе жатқан тәуелсіздік мерекесіне керемет тосын сый жасады. Тағы бір айта кетерлік жайт УЕФА кездесудің ең үздік ойыншысы деп осы ойында соғылған жалғыз голдың авторы — Марин Аничичті таныды. Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!

РУСЛАН МЕРАЛИЕВ

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.