темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Барселонаның» 11 жыл күткен жеңісі

Картинки по запросу Реал Сосьедад барселона 14.01.2018

Кеше түнде Испания премьер лигасының 19-шы тур аясында Сан-Себастьянда каталондық «Барселонаны» қабылдаған жергілікті «Реал Сосьедад» 2:4 есебімен есе жіберді. Матч басталысымен «Аноэтада» жиылған жанкүйерлерінен қолдау алып, намысқа тырысқан алаң иелері 11-ші минутта есеп ашты. Приетоның айып алаңына асырған добын Хосе тоғыздыққа бағыттап, әдемі голдың авторы атанды. Артынша жеңіліп жатырған қонақтар есепті теңестірумен әз-мәз болды. Алаң иелері де бұған бей-жай қарап отырмай барынша қарсы шабуылдар ұйымдастырып отырды. Осындай сәттердің бірінде Хуанми ойынның 34-ші минутында есепті еселеді. Екі доп айырмасымен жеңіліп жатырған қонақтар ең болмағанда үзіліске дейін бір гол соғуды жөн көріп, алаң иелерінің айып алаңына үздіксіз шабуылдар ұйымдастырды. Өз дегендеріне жеткен қонақтар 39-шы минутта есеп айырмасын қысқартты. Биылғы маусымның ең «сәтсіз трансфері» деп саналған Паулиньо өзінің сыншыларының аузын жабудан жалықпайтынын осы голымен тағы бір мәрте дәлелдегендей болды. Ойынның екінші бөлігінде Вальверде шәкірттері білгендерін істеді. Алдымен Суарес әдемі голымен есепті теңестірсе, артынша екінші голын соғып командаластарын жеңіске сүйреді. Ал ойынның нүктесін айып добын мүлтіксіз орындаған Месси қойды. Осылайша каталондықтар осы жеңісінің арқасында өзінің басты қарсыласы болып саналатын мадридтік «Реалдан» турнирлік кестеде 19 ұпай айырмасымен арасын ұзартудан бөлек «Аноэта» стадионында лиганың аясында 11 жыл бойы жеңе алмай келе жатқан қарғысты бұзды. Естеріңізге сала кетейік соңғы рет чемпионаттағы ойында «Аноэтада» «Барса» 2007 жылы жеңіске жеткен еді.

Руслан МЕРАЛИЕВ

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.