темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Сауд Арабиясы құрамасының бесінші мүмкіндігі

Сауд Арабиясы құрамасының бесінші мүмкіндігі Жыл басында Сауд Арабиясына сапар шегіп, ислам әлеміндегі ең қасиетті жерлерді көзбен көруге жол түсіп еді. Алланың шапағаты түскен киелі жерлерге тәу ете жүріп, осы мемлекеттегі футбол мәселесіне де назар қойдым. Себебі Ресейде өтетін әлем чем­пионатына Сауд Арабиясы құрамасы да барады. Тіпті, төрт жылда бір келетін дүбірлі доданың алғашқы ойынында арабтар алаң иелерімен кездесіп, шымылдық түрер матчта өнер көрсетеді. 

Қайта жасақталған құрама

Сауд Арабиясы құрамасы негізінен Азия біріншілігі, Азия ойындары секілді сары құрлық жарыстарында бар күшін салады. Талай жылдар бойы өз аймағында мықтылардың қатарында жүрсе де, сәті түсіп әлем чемпионатына шыға алмай жүрді. Ал 1994 жылдан бастап біріншіліктердің фи­налдық кезеңіне жолдама ала бастады. Бірақ кейіннен дүние­жүзілік ойындарда қарсыластарда жеңіліп қайтатын. Мысалы, 2002 жылы жаһандық мундиаль­да ойнап, Германияға 8:0 есебімен ойсырай жеңіліп еді. Осы бір қа­ралы оқиға Сауд патшалығына қанжардай батты. Содан бері мемлекет ішінде спортқа, әсіресе футболға байланысты реформалар жүргізіліп, ұлттық құрама қайта жасақталды. Сауд Арабиясы чем­пионатының деңгейі көтері­ліп, еуропалық легионерлер келе бастады. Солардың бірі – «Ас­тана» сапынан «әл-Наср» командасына ауысқан Джуниор Кабананга. Ел ішіндегі жастар құрамаларына шетелден мамандар шақыртылып, бапкерлер қызметі де жолға қойылды. Қазіргі таңда ұлттық құраманың да бас бапкері испаниялық маман Хуан Антония Пицци. Елдің бас командасының 3 ойыншысы Испан Ла-Лигасында ойнайды. Ал қалғандары «әл Иттихад» пен «әл Хилал» командаларының намысын қорғайды.

Бесінші мүмкіндік

Сауд Арабиясы құрамасы ең алғаш рет әлем чемпиона­ты­на 1994 жылы шықты. АҚШ-та өткен додада арабтар айды ас­пан­ға шығарып, күллі әлем қа­рап отырған бәсекеде сенсация жасады. Бірінші рет қатысып отырғанымен қоймай, өз тобынан шығып, 1/8 финалға дейін жет­ті. Бұл оқиға араб түбегіндегі аяқ­доп өнерінің дамуына зор серпін берді. Бұрындары саудия­лық футболшыларға өзге бірінші­лік­терде ойнауға қатаң тыйым салын­ған еді. Дегенмен, шабуылшы Сам­ми әл-Джабер патшаның өзінен рұқсат сұрап, Англияның «Вулверхэмптон» клубына ауысты. Осылайша ол Англия премьер-лигасында доп тепкен ең алғашқы саудиялық ойыншы атанды. Футболшыларды Еу­ро­па елдерінің біріншіліктеріне жібер­меуінің де себебін айта кетейік. Ислам қағидаттарымен өмір сүре­тін мүмін адамға Батыстың аз­ғындаған қоғамы кері әсерін беруі ықтимал деп саналады.  АҚШ жерінде сәтті өткен чемпионаттан соң Сауд Арабиясы құрамасы Франциядағы 1998 жылғы аламанға да қатысты. Бірақ бұл жолы құрама күткен нә­ти­жені көрсете алмай, өз тобында 4-орын алды. Бұл оқиға 2002, 2006 жылдары да айна-қате­сіз қайталанды. Енді биыл саудия­лықтар бесінші мәрте бақтарын сынап көрмек.

Мақсат – топтан шығу

Сауд Арабиясы құрамасы ақ­пан айынан бастап әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Әлгі айтқан Самми әл-Джабер қа­зір құраманың басшысы. Оқу-жат­тығу жиындары мен жолдастық кез­десулерін ұйымдастырды. Ита­лия құрамасына қарсы жол­­дас­тық кездесу өткізіп 2:1 есебі­мен жеңілді. Алайда саудия­лық­тар­дың Италия қақпасына гол соқ­қанының өзі қарсыластарын ой­ландырып тастады. Сондықтан да анық аутсайдер болып саналатын саудиялықтар бұл жолы өз тобымыздан шығуымыз керек деп мақсат қойып отыр. Алғашқы матчта алаң иелері Ресей құра­ма­сымен кездеседі. Сосын, 20 мау­сым күні Ростов қаласында Уругваймен ойнайды да топтық кезеңнің үшінші кездесуінде 25 маусым күні Волгоградта Мы­сыр құрамасымен шайқасады. Хуан Антонио Пиццидің болжа­мы бойынша алғашқы ойында ресейліктердің қобалжуын дөп басып, жеңіске жету керек. Одан кейін Уругваймен тең түсіп, Мысыр құрамасынан басым болу. Бірақ әрине бұл тек бапкер­дің ғана болжамы деп қара­ңыздар. Төрт жылда бір келе­тін біріншілікте ешкімнің де намысты қолдан беріп, жарыстан ерте шығып кеткісі келмейді. Алай­да барлығын жасыл алаң көр­сетер. Ше­телдік мамандар болса, Сауд Арабиясы әдеттен жа­ңылмай өз тобындағы соңғы орынға жай­ға­сып, чемпионаттың аут­сайдері атына сай болады дейді.

Ермұхамед МӘУЛЕН, 

«Егемен Қазақстан»

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.