темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Әлем чемпионатына аз қалды

2018 жылдың ең басты оқиғаларының бірі Ресей жерінде өтетін 21-ші кезекті Әлем чемпионаты екені сөзсіз. Жанкүйер қауым асыға күткен аладоп тойының басталуына аз  уақыт қалды.

Бүкіл әлем асыға күткен Әлем Чемпионаты 14 маусыммен- 15 шілде аралығында өтеді. Бұл футбол кеші Ресей Федерациясының 11 қаласында, 12 түрлі стадионда өтеді. Нақтырақ айта кетсек олар: Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочиде қалаларында өтеді.

Алғашқы ойын 14 маусым күні Ресейдегі атақты «Лужники» стадионында өтеді. Топтық кезең 28 маусымда аяқталса, финалдық ойындар 15 шілде күні мәресіне жетеді. Бұл жарысқа әлемнен ең таңдаулы 32 ұлттық құрама қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданы Қазақстандық арналар, яғни «Қазспорт», «Қазақстан» ұлттық телеарналары тікелей эфирде көрсетеді!

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.