темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Игорь Зенькович: Көптен бері Қазақстан құрамасында ойнағым келеді

Игорь Зенькович: Көптен бері Қазақстан құрамасында ойнағым келеді.
Қазақстан премьер-лигасындағы танымал шабуылшылардың бірі Игорь Зенькович Prosports.kz тілшісімен болған сұхбат барысында қазіргі клубындағы қиындықтар жайлы және ұлттық құрамаға неліктен іліне алмай жүргендігі туралы айтып берді.

— Игорь, «Атырау» қазір турнирлік кестеде соңғы орындарда келе жатыр. Мұны немен байланыстыруға болады?
-Біздің соңғы орындарда келе жатқанымыз рас. Алайда, соңғы кездері командада нәтиже бар. Ақырындап ілгерілей түсітініміз анық. Маусым басында көп жеңілдік. Енді бәрі қалпына келетін шығар.

— Былтыр «Ақтөбеде» ойнадыңыз, биыл «Атырауда» доп теуіп жүрсіз. Екі клуб арасында қандай айырмашылық бар?
— Екі клуб арасында айтарлықтай айырмашылық бар деуге келеді. Менің қазіргі командамның алаңы мәз емес. Жақын арада бұл олқылықтың орны толады деген үміттемін. Тағы да қайталап айтамын клубта бәрі жақсарып келеді.

— Жуырда Қазақстан құрамасы Әзербайжанды ірі есеппен жеңді. Ойынды көрген боларсыз?
— Әрине. Шын мәнінде мен Қазақстан құрамасы үшін қуаныштымын. Барлығы бұл жеңіске лайықты ойнады. Алдағы уақытта жаңа бапкермен Қазақстан құрамасының ойыны жақсара түсетініне сенімдімін.

 

— Сіз Станимир Стоиловтың кеңейтілген тізімінде болдыңыз.
— Ұлттық құрамаға шақыртылуым мүмкін дегенді естідім. Ұлттық құрама бапкерлерінің ешқайсысымен байланысқа шыққан жоқпын. Кез келген ойыншы ұлттық құрамада ойнағысы келеді. Маған келсек Қазақстан құрамасында ойнағым келетінін баяғыда ақ айтқанмын. Кішкентай ғана мүмкіндік туса мен ол мүмкіндікті қалт жібермеймін.- «Ақтөбеге» оралсақ.

Неліктен сіз ол клубта ұзақ қала алмадыңыз?
— Жыл басында ақтөбелік клубта бәрі жақсы болатын. Жаздың соңы бәрі өзгерді, айлық кешіктіру басталды. Ойыншылар не болып жатқанын түсіне алмағанымен бірдеңенің дұрыс емес екендігін білді. Сондықтан мен «Атырау» клубына ауысуды жөн көрдім.

— Дәл қазір ҚПЛ-да үзіліс. Қалай демалып жатырсыз.
— Жоқ, төртінші маусымнан бастап аздап жаттығуға кірістік. Күш қуатымызды қалпына келтіруге тырысып жатырмыз.

— Еуропа лигасында «Ордабасының» орнын «Тобыл» басатын болды. Қостанайды жақсы білесіз. Олардың мүмкіндігі туралы айта кетсеңіз?
— Ол кездегі «Тобыл» үшін маусымды жетінші орында аяқтау қалыпты нәрсе болды. Қазір аймақ басшылығына футболды жақсы көретін адам келгеннен бері бәрі өзгерді. Клуб алдына үлкен мақсаттар қойды. «Тобыл» жоғарғы орындарға ұмтылары анық. Еуропа лигасына жақсы дайындық жүргізу қажет.

— Ұлттық құрама қатарында қатты ойнағыңыз келе ме? Биылғы маусымда құрамаға ілінуге мүмкіндік бар ма?
— Мүмкіндік әрқашанда болады. Менің тарапымен тұрақты гол соғып тұру қажет. Сондай ақ жасыл алаңға да көбірек шығу керек.

— Кеңейтілген құрамға іліккенде қандай әсерде болдыңыз?
— Таңғалдым. Шақырту алғаныма таңғалдым.

— Сізде Қазақстан чемпионатынан өзге елдерден ұсыныс болды ма?
— Мен үшін Қазақстан чемпионаты жақсы таныс. Өзге ұсыныстарды қарамаймын да. Маған осы жақта ыңғайлы. Бұл жақта көп уақытқа қалуды жоспарлаймын.

— ҚПЛ-да доп теуіп жүргеніңізге жеті жыл болды. Алғашқы жылмен салыстырғанда не өзгерді?
— Алғашқы келген жылдарымды еске алсам алаңның сапасыздығы басты мәселе болатын. Жағдай барлық жерде бірдей болмаса да өзгеріп келеді. Болашақта сапасы жақсы алаңдар көбейеді деген үміттемін. Сапасыз алаң футболшының басты жауы. Өкінішке орай алаңның сапасыздығы салдарынан жарақат алу қалыпты нәрсе.

Prosports.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.