темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Неймар неліктен көз жасына ерік берді?

Бала күнгі бөлмесіне кіріп келген Неймар көз жасын тыя алмай қалды

Бразилиялық бағдарламаға қонақ ретінде келген танымал футболшы көз жасына ерік берді. Неймардың бұл қылығына бағдарлама қызметкерлерінің жандандырған аяқдопшының бала күнгі бөлмесі болған. Ұсақ-түйектеріне дейін өз бөлмесінен айнымай қалған жерге кіріп келген ол қайталанбас әсер алды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Неймардың бөлмесін дәл бала күнгі қалпын келтіруге футболшының анасы Надин мен сіңлісі Рафаэлла көмектескен. Олар бағдарлама қызметкерлеріне ұсақ-түйектерге дейін бөлмені жандандыруға септігі мол болды.

Бала күнгі бөлмесіне кіріп келген футболшы бірден көңілі босап, жылап жіберген. Оны жұбатуға артынан ата-анасы мен әпкесі келген.

Оған қоса, бағдарламаға Неймардың бала күнгі досы Майкон да келді. Ол дәл сол бөлмеде отырып, мықты футболшы болуды армандайтын Неймарды еске алды.

«Мен бұл бөлмеде отырып болашақты армандайтынмын. Бұл тосын-сыйдың мен үшін орны бөлек, рахмет» , — деп өз әсерін білдірді Неймар.

Бүгінде Неймар әлемдегі ең қымбат ойыншы болып отыр.

Nur.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.