темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ақтөбе-Ордабасы командаларының өзара кездесу тарихын назарларыңызға ұсынамыз 

 

17 маусым күні Футболдан 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының 14-ші турында «Ақтөбе» Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Шымкенттің «Ордабасы» командасымен кездеседі. Ойын Ақтөбе уақыты бойынша 20:00-де басталады.

ТУРНИРЛІК КЕСТЕДЕГІ ОРЫН
Қазақстан чемпионатының 13-ші турынан кейін «Ақтөбе» 8 ұпай жинап (ФИФА-ның шешімімен 6 ұпай алынды) 12-ші орында тұр, «Ордабасы» 19 ұпаймен 4-ші орынға жайғасқан.

ӨЗАРА КЕЗДЕСУЛЕРІ
«Ақтөбе» мен «Ордабасы» 48 ресми ойында жолыққан, 44 ойын Қазақстан чемпионатына келсе, 4 матч Кубок жолында ойналған. Бұл ойындарда «ақ-қызылдар» 26 рет жеңген, 9 рет жеңілген, 13 -ойын тең аяқталған. Жалпы доп айырмасы: 75-42, біздің командамыздың үлесі басым.

Командалар чемпионатта 44 ойын өткізген. 23 ойында «Ақтөбе» жеңген, 9 – «Ордабасы», 12 ойын тең. Доп айырмасы: 66:40.

ӨЗ АЛАҢЫМЫЗДАҒЫ ОЙЫНДАР СТАТИСТИКАСЫ
Ақтөбеліктердің алаңында 22 ойын өтті. 14 ойында «Ақтөбе» жеңген, 7 матчта тең есеп тіркелген, «Ордабасы» 1 ойында жеңген. Доп айырмасы: 38:15, алаң иелері алда.

«ОРДАБАСЫНЫҢ» ЕҢ НӘТИЖЕЛІ ОЙЫНШЫЛАРЫ
Жартылай қорғаушы Абдуллаи Диакате – 3 доп;
Шабуылшы Еркебұлан Тұңғышбаев – 3 доп;
Жартылай қорғаушы Джамбул Джигаури «Джаба» – 2 доп;
Жартылай қорғаушы Тимур Досмағамбетов – 2 доп;
Шабуылшы Нагаев Иван – 2 доп;

ОЙЫННЫҢ ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ
Ойын жексенбі, 17 маусым күні Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында өтеді, Ақтөбе уақыты бойынша 20:00-де басталады. Синоптиктер матч уақытында ауа-райының 20 градус, нөлден жоғары, бұлтты болатындығын болжауда.

ТЕЛЕТРАНСЛЯЦИЯ
«Ақтөбе»-«Ордабасы» матчының тікелей көрсетілімі Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының «PFLK TV» ресми арнасында өтеді. Трансляция 19:50-де басталады.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.