темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ирандық әйелдер 39 жылдан кейін ерлер секілді футбол көру құқығына ие болды

Ирандық әйелдер 39 жылдан кейін ерлер секілді футбол көру құқығына ие болды

1979 жылдан бері ирандық әйелдер ер азаматтармен қатар футбол тамашалау құқығынан айырылған болатын. Енді заман талабына сай өзгеріске ұшыраған Иран билігі нәзік жандыларға сүйген спорт түрін қызықтауға толығымен рұқсат берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Иран құрамасы мен Испания арасындағы ойын кезінде тарихи оқиға орын алды. Иран мемлекеті 1979 жылдан бері тұңғыш рет әйелдерге ерлермен бірге футбол тамашалауға рұқсат берді.

Тегерандағы «Азади» стадионына жиналған жұртшылық арасында әйелдер қауымы да бой көрсеткен. Жиналған 10 мыңнан аса жанкүйердің қолдауына қарамастан ирандықтар Испаниядан жеңіліс тапты.

Топтық тізімде Иран үш ұпаймен сәйкесінше үшінші орынды иеленді.

nur.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.