темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

ӘЧ-2018: Жапония-Колумбия ойынын 36 миллион адам тамашалады

Бәсі қызып тұрған футболдың басты біріншілігінде көш бастаған құрамалардың есімдері белгілі бола бастады. Плей-офф сатысына өткен командалар белгілі. Уругвай мен жарыс қожайыны Ресей өз қарсыластарын күтеді. Жақын арада бұл тізімге тағы да екі команда қосылуы тиіс.

Ресейдің жеңісті жолын Уруг­вай жалғастырды. Әлемнің екі дүр­кін чемпионы Уругвай Сауд Арабиясын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Екі ойын­ды да жеңген ұжымдар «В» то­бының серкелері Португалия мен Испанияны күтеді. Олар да өз­де­рінің екінші ойындарын­да 3 ұпайдан еншіледі. Дең­гейі жоғары футболшылар Пире­ней тү­бегінің аяқдопты зор мең­гер­генін көрсетті. Бір гол со­ғып, қорғанысты мықтап бекіт­кен екеуі плей-оффқа бір табан жа­қын­дады. Дегенмен Испания-Иран арасындағы ойында Парсы шығанағының шеберлері Пиреней түбегінің футболшыларынан еш қай­мықпады. Тіпті жауапты голды да соқты. Алайда азиялық ойын­­шылар тәртіп бұзып алыпты. Әйтпегенде, «қызылбастар» елі­­нің аяқдопшылары қор­жын­да­рына 1 ұпай салып қайтар ма еді?

Уругвай болса күшін аяп, бар ын­тасын көрсетпеді. Саудия­лық­­тар өз мүмкіндігін пайдала­на алмай, біріншілікпен ерте қош­­­тасты. Топтан шығатын еш мүм­­кін­дік қалмады. Мысыр, Са­уд­ Арабиясы, Марокко коман­да­­­­лары топтық кезеңнен әрі өте ал­майды. Енді олар үшінші мат­чт­а­рын тек абырой үшін ғана ой­най­ды.

Ресей құрамасын жер-жебі­рі­не жеткізіп сынаған жергілікті бас­пасөз қазір орыс ойын­шы­ла­рын қолды-аяққа тұрғызбай мақ­тап жатыр. «Головин шын талант», «бапкеріміз дарын иесі» деп асыра мақтап та жазды. Чемпионат алдында сын садағына іліп, құрамаларын құр­­дымға жіберіп отырған жа­зар­­манның енді бұлайша құбы­луы­ның сыры неде? Футбол са­рап­шылары бұл әрекетті шамамен тұспалдап, «алдын ала жасалған жоспарлы шар- уа» деп баға берді. Бұл шамамен «өзі­міз жасаған тойда, мақтаулы қыз­дың күйін кешпейік» деген қам-қарекет секілді көрінеді. Ресей­дің басты командасы өз то­бы­нан шыға алмаған жағдайда мас­қараның көкесі болар еді. Ен­ді бір сыннан мүдірмеген көр­шілеріміз плей-оффтың ауыр өткелінен өтуді көздейді. Се­бе­бі осы жеткеніміздің өзі қаһар­ман­дық деп, Португалия неме­се Испанияға қарсы ойында «ти­се терекке, тимесе бұтаққа» дегелі отыр. Мойындарынан ауыр жүк түскен соң – ал шауып көр. Ресейлік ойыншылар шын мәнісінде қазір жасыл алаң­да шапқылап жүр. Фут­бол­ды жік-жігімен талдайтын агенттіктер сараптама беріп, сан­дарды сөйлетті. Ресей ойын­шы­­сы Александр Головин осы чем­­пионатта әзірге ең көп жү­гір­­ген футболшы. Ол Сауд Ара­бия­­сына қарсы өткен ойында 12 ша­қырымнан астам қашықтыққа жүгіріп тас­­­тапты. Өзге құрамалардан қа­рар болсақ, бұл тізімнен Крис­ти­ан Эриксенді көзіміз шалады. Дат фут­болшысы алаңда 12 шақы­рым­ға жетеқабыл жүгіріпті.

Халықаралық футбол той­ла­рын­­да атой салып үйреніп қал­ған Криштиану Роналду да тағы бір рекорд жаңартты. Ол 12 ірі жарыста гол соққан футбол­шы. Марокко қақпасына бас­пен гол соққан атақты ойыншы қазір біріншіліктің басты сұр­мер­гені. Оның еншісінде 4 гол. Бұл жағдайдан Испания шабуылшысы Диего Коста Иран қақпасына доп соғып қалысар емес. Тегі бразилиялық бол­ға­ны­мен, жүрегі Испания деп соға­тын адуынды шабуылшының есе­бін­де 3 гол бар. Шамасы, екеуінің текетіресі ұзаққа созылады-ау.

Соңғы күндері футбол тойында жапониялықтар жайлы көп ай­тыл­ды. Жапония-Колумбия ара­сындағы ойынды Күншығыс елін­де бүкіл халықтың 63,79 пайы­зы көріпті. Одан бөлек те елде­рдің жалпылама рейтингін есеп­тегенде бұл матчты 36,62 миллион адам тамашалаған. Бұл әзір­ге Әлем чемпионатындағы ең жоға­рғы көрсеткіш. Әрине егер Жапо­ния­ның орнында Қытай не­ме­­се Үндістан ойнағанда рейтинг одан да жоғары болар ма еді? Се­бебі өз құрама командасының ойын­ын әр мемлекет түгелімен тамашалауға тырысуда. Футболмен тыныстайтын Бразилия билігі тіпті Ней­мар­­лар жасыл алаңға шыға­тын күн­ді демалыс етіп жариялап, кей­бір аудандары жұмыс күнін қысқартып тастады.

Ермұхамед МӘУЛЕН, «Егемен Қазақстан»

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.