темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ойын кезінде ортаңғы саусағын көрсеткен Марадонаны жазалады

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) танымал аргентиналық футболшы Диего Марадонамен серіктестікті тоқтатты. Бұған футболшының Ресейдегі әлем чемпионатының матчы кезіндегі әрекеттері себеп болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Марадона FIFA ұйымының елшісі болған.

Бұған дейін Аргентина құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Нигерияны 2:1 ұпаймен ұтқан еді.

Марадона матчты Санкт-Петербург қаласындағы Крестовский аралында тамашалап жатқан. Тікелей трансляция кезінде көрермендер футболшының әрекеттерін өз көзімен көріп отырды.
Мысалы, аргентиналықтардың екінші голынан кейін Марадона оғаш ым-ишаралар жасады.

Осы уақытқа дейін БАҚ беттерінде FIFA ұйымының Марадонаға Ресейдегі әлем чемпионаты кезінде өзінің міндеттерін орындағаны үшін күніне 10 мың фунт төлеп отыратыны туралы жазылған еді. Бұл қаржыдан бөлек 1986 жылғы әлем чемпионына жол ақысы, баспана және басқа да шығындар төленеді.
Енді футбол ұйымы серіктестікті тоқтатқандықтан Марадонаға ақша төленбейді

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.