темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Астана» Антонио Рукавинамен келісімшарт жасады

«Астана» Сербия Ұлттық құрамасының қорғаушысы Антонио Рукавинамен келісімшарт жасады. Команданың жаңа футболшысының алаңдағы позициясы – оң қапталдағы шабуылдаушы қорғаушы.
Антонио қазақстандық жанкүйерлерге УЕФА Еуропа Лигасы аясындағы «Астана» және «Вильярреал» арасындағы кездесулермен жақсы таныс. Сербиялық қорғаушы испаниялық команда сапында 5 маусым өткізген. Рукавина осы жылдарда «Вильярреал» құрамында 99 ойында алаңға шыққан. Оның 23-ін Еуропа Лигасында өткізсе, «Ла-Лига» аясында 76 матч өткізген.
Тәжірибелі қорғаушы «Вильярреалға» дейін, сербиялық «Бежания», «Партизан», немістің «Боруссия» Дортмунд, «Мюнхен-1860», және де испанялық «Вальядолид» командалары сапында өнер көрсеткен.
Рукавина ұлттық құрама деңгейінде Сербия жастар құрамасымен 2006 жылы Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген. Ал Сербия Ұлттық құрамасы сапында 49 ойын өткізген.
Антонио «Астанаға» 2018 жылғы Әлем Чемпионатындағы кездесулерінен кейін бірден қосылды. Ол Ресейде өткен үш кездесудің екеуінде – Коста-Рика және Бразилияға қарсы ойындарда алаңға шыққан болатын.

Антонио Рукавина,
Туған күні: 26.01.1984
Алаңдағы орны: оң қапталдағы қорғаушы / оң қапталдағы шабуылдаушы қорғаушы
Бойы, салмағы: 178 см, 73 кг
Азаматтығы: Сербия
Ұлттық құрама сапында өткізген ойындар саны: 49

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.