темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ширек финал ойындарының кестесі (Астана уақытымен)

Футболдан Ресейдегі 2018 жылғы Әлем чемпионатының ширек финал ойындары 6-7 шілде күндері өтеді.
Ең алғаш болып Уругвай және Франция құрамалары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. «Нижний Новгород» стадионында өтетін ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыз.

Уругвай — Франция
06.07.2018 20:00

6 шілдедегі екінші ойында Уругвай-Франция матчының жеңімпазына жартылай финалда қарсылас атанатын команда белгілі болады. «Қазан Арена» стадионында өтетін ең мықты командалардың кездеседі. Оны Қазақстанның екі бірдей телеарнасы — Qazsport және Qazaqstan тікелей эфирден көрсетеді.

Бразилия — Бельгия
06.07.2018 00:00
_________________________

7 шілде күні жартылай финалдың екінші жұбы анықталады. 20:00-де Сочидегі «Фишт» стадионында дода қожайындары Хорватиямен өзара күш сынасады. Ойынды Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан көруге болады.

Ресей — Хорватия
07.07.2018 20:00

Олардың қарсыласы — Еуропаның екі мемлекеті арасындағы тартыс «Самара Арена» стадионында болады. Бұл ойынды да Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Швеция — Англия
07.07.2018 00:00

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.