темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Роман Григорчук: «Біз алдағы төрт раундтан іркілмей өтуге тиіспіз»

УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» – «Сутьеска» командалары арасындағы матч алдындағы баспасөз мәслихатында елорда командасының бас жаттықтырушысы Роман Григорчук матч туралы өз пікірін білдірді.

– Ертең Сіз үшін «Астана» командасының бас жаттықтырушысы ретіндегі Еурокубок додасындағы алғашқы ойыныңыз өткізесіз. Команда ертеңгі ойынға қаншалықты дайын?

– Командалар ешқашан турнирлерге, қарсыластарға бөлінбей, барлығына бірдей дайындалады. Әр ойынға тыңғылықты және жауапкершілікпен дайындалалды. Біздің ел чемпионатындағы, Еурокубог ойындарындағы негізгі мақсатымыз – мейілінше жоғары нәтижеге қол жеткізу. Сол үшін кез келген қарсыласқай лайықты ойын көрсетіп, барынша жеңіске жету керек. Біз алдағы төрт раундта іркілмей өтуіміз тиіс. Бұл біз үшін оңай немесе қиын болады деп айта алмаймын.  Бірақ біздің мақсатымыз ешқашан өзгермейді. Барлық ойында жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне түскіміз келеді.

– Ертеңі ойынға жаңадан қосылған ойыншылар қаншалықты дайын?

– Біз барлығына оң көзқараспен қарауымыз керек. Егер, ойыншы командада тек бес күн ғана дайындалып, екі ай жаттығуды өткізіп алса, бірден алаңға шығып кетуі қиындау. Сондықтан ертең ойынға Алмейда дайын емес деп сеніммен айта аламын. Ал Антонио әлем чемпионатында ойнап, ойын тәжірибесі болған соң бәлкім алаңға шығып қалуы мүмкін.

—         Қарсыластың қандай басым жақтары байқадыңыз?

– Черногория командасының ойыншылары жекелей ойын өрнегін көрсете алады. Сондай-ақ олар қарапайым ойын көрестуі мүмкін, тіпті ойындары ешкімді таң қалдырмауы да мүмкін. Бірақ олар өте сапалы шабуыл жасай алады. Былайша айтқанда, өз мүмкіндіктерін жібермейтін команда. Бұл – олардың негізгі күші.   

 

fcastana.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.