темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Қателікті кешірмейтін ел

1994 жылғы әлем чемпионатында колумбиялық аяқдопшы Андрес Эскобар байқаусызда өз қақпасына гол соғып алғандықтан, олар жарыс жолынан шығып қалған-ды. Осыған ашуланған фанаттар елге оралған соң оны алты жерден атып мерт қылған.

Ал биылғы чемпионаттың плей-офф кезеңінде колумбиялықтар 4 шілде күні пенальтиден Англия құрамасынан ұтылды. Осы кездесуде екі рет қателік жіберіп, қарсылас команданың айып соққысын жасауына мүмкіндік берген Карлос Санчесқа және бір мәрте қателік жіберген Матеус Урибе мен Карлос Бакканы жерлестері «сендерге Андрес Эскобардың кебін кигіземіз» деп әлеуметтік желі арқылы қорқытып-үркітіп жатқан көрінеді. Тіпті оларға «тірі қалғыларың келсе, Колумбия топырағынан жырақ кетіңдер» деп шарт қоюда.

Бұл оқиғаға байланысты баспасөзге мәлімет берген марқұм Андрес Эскобардың туған інісі Сачи Эскобар: «Ағамның басына келген қасірет қайталанбаса екен деймін. Нағыз футбол жанкүйерлері бұлай жасамаса керек. Бұл ақымақтардың әрекеті» деп аяқдопшыларға ара түсуде.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.