темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Милан» америкалық компанияның қарамағына өтті

Elliott Management америкалық инвестициялық корпорациясы «Миланның» жаңа иелері атанды.

Итальяндық клубтың бұрынғы иесі Ли Юнхун қарыз міндеттемелерін орындай алмаған. Қытайлық кәсіпкер Elliott Management-ке 32 миллион еуро қарызын уақытында жаба алмаған. Барлығы 2017 жылдың басында компания Юнхунге 303 миллион еуро несие берген екен. Енді жаңа қожайындар клубтың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға 50 миллион еуро қаржы құюды жоспарлап отырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін УЕФА  қаржылық фэйр-плей ережесін бұзғаны үшін «Миланның» еурокубоктарға қатысуына шектеу қойған еді.

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.