темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Хорватия құрамасы ӘЧ-2018-дің финалына шыққаны үшін 28 млн еуро алады

Хорватия футбол одағы Әлем чемпионатының финалдық кездесуіне жолдама алғаны үшін ФИФА-дан жоқ дегенде 28 миллион еуро қаржы алады.

Егер әлем чемпионы деген аттаққа ие болса, барлығы 38 миллион еуро табыс табады екен. Кеше Хорватия құрамасы ӘЧ-2018-дің екінші жартылай финалында Англия құрамасын жеңген болатын (2:1 қос. уақытта).

ӘЧ-2018-дің қаржылай үлестіру жүйесі 2017 жылы анықталған болатын. Турнирдің әрбір қатысушысы 8 миллион, 1/8 финалына шыққандар — 12 миллион, 1/4 финалына шыққандар — 16 миллион, төртінші орын алған құрама — 22 миллион, қола жүлдегер — 24 миллион және күміс жүлдегер 28 миллион еуро қаржы алса, әлем чемпиондары 38 миллион еуро қаржылай табыс табады екен.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 15 күні Хорватия құрамасы ӘЧ-2018-дің финалында Франция құрамасымен кездеседі.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.