темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Джуниор Кабананга: «Өз үйіме оралғаныма бақыттымын!»

«Астана» футбол клубы тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі Жуниор Кабананга елорда командасына «Әл-Насыр» клубынан бір жылға жалға келді. Шабуылшы клубтың баспасөз қызметіне қайтып келгеннен кейінгі алғашқы сұхбатын берді.

— «Астана» деп аталатын өз үйіме қайта оралғаныма бақыттымын! Мен Сауд Арабиясында болған уақытта, әр кезде астаналықтардың ойындарын бақылап, жанкүйерлік еттім.

— «Астана» сапында өз алдыңызға қандай мақсат қоясыз?

— Мен өз командалас әріптестеріммен бірге бесінші мәрте Қазақстан чемпионы атанып, еурокубоктардың топтық кезеңіне шыққым келеді. Командалық жетістікке жету үшін барлық күш жігерімді аямауға тырысамын.

— «Астанаға» бас бапкер болып Роман Григорчук келді. Жаңа маманның қол астындағы жұмыстан қандай нәтиже күтесіз?

— Ол өте жақсы маман. Мен әр кезде көп футбол қарауға тырысамын. Ол Әзірбайжанда үлкен жетістікке қол жеткізді. Григорчук – рухани жеңімпаз. Жеңімпаз бапкердің қол астында жаттығу өте жақсы, ол ойыншылардың дамуына көмектеседі.

— Өзіңіздің спорттық бабыңызға келіп үлгердіңіз бе?

— Менің алаңға шықпағаныма ұзақ уақыт болғанымен, демалыс кезінде жекелей жаттығу жұмыстарын жасап жүрдім. Одан кейін, «Аль-Наср» футбол клубымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп, күніне 2 мәрте жаттығу жұмыстарын жасадық. Маған дәл қазір ойын тәжірибесі жетіспейді. Сондықтан, мен 80%-ға ғана дайынмын деп айта аламын. Дегенмен, 7-10 күннің ішінде нағыз бабыма келемін деп ойлаймын.

fcastana.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.