темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

ЖАҒАЙЖАЙ ФУТБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ГРЕКИЯНЫ ОЙСЫРАТА ҰТТЫ

Еуролиганың екінші ойынында Қазақстан құрамасы Грекия құрамасының қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.

Ерлан Жамантаев шәкірттері топтық кезеңдегі екінші кездесуде Грекияны 4:0 есебімен жеңді. Ойында гол соққан футболшылар — Дмитрий Перевертов, Игорь Демешко, Виталий Тюльпа және Баянбек Муралинов.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын ертең, 22 шілде күні Литва құрамасына қарсы өткізеді.

Грекия — Қазақстан — 0:4 (0:3)

Голдар: Перевертов, Демешко, Тюльпа, Муралинов.

Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Муралинов, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Мақажанов, Макагон.

Төрешілер: Листратов, Иванов, Картман.

21.07.18. Мәскеу. «Янтарь» стадионы.

kff.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.