темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

«Мидтьюлландтың» бас бапкері: «Бізді қиын кездесу күтіп тұрғанын білеміз»

«Астана» — «Мидтьюлланд» кездесуі алдында даниялық команданың бас бапкері Йесс Торуптың қатысуымен баспасөз жиынын назарларыңызға ұсынамыз.

— Ертеңгі кездесу біз үшін оңай болмасы анық. «Астана» құрамында өте мықты ойыншылар жетерлік. «Астана» еурокубоктерде мол тәжірибе жинаған және құрамында сапалы ойыншылары жетерлік мықты ұжым. Сондықтан да бізді қиын кездесу күтіп тұрғанын білеміз.

— Осы ойынға дайындалу барысында «Астана» командасының қандай ойындарын қарап шықтыңыз?

— Шынын айтсам, соңғы алты-жеті ойынын қарадық. Оның ішінде УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі «Сутьескаға» қарсы ойын да бар. Одан бөлек, ақпан айындағы португалиялық «Спортингке» қарсы кездесуді де бір шолып шықтық.

— «Астана» командасының бас бапкері ауысқанын білесіз. Роман Григорчуктың келуімен команда ойынынан қандай өзгеріс байқадыңыз?

— Мен көрген өзгерістер баршылық. Бірақ, ол туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлайымын. Мен өз құпияларымды ертеңге сақтаймын.

 «Астана» сапынан қай ойыншыны ерекше атай аласыз?

—  «Астана» құрамында өте жақсы ойын көрсететін футболшылар жетерлік. Қорғаныста мығым ойыншылар бар. Сіздердің команда құрамында ойын тағдырын жекелей шешіп кете алатын 5-6 футболшы бар. «Астана» бір құраммен ұзақ уақыттан бері ойнап келе жатқандықтан, ойыншылардың өзара түсіністіктері өте керемет.

Сіздің командаңыз Дания чемпионатын бастағанына көп бол қойған жоқ. Оған қоса команда Астанаға бүгін ғана ұшып келді. Клубта қандай да бір дағдарыс бар деп айта аласыз ба?

— Біз осы ойынға дайындық барысында көп мамандармен ақылдастық. Олардың көбісі ойынға аз қалғанда ұшып келіп, Дания уақытымен өмір сүруге кеңес берді. Біз ертең ойын өткізіп, жеңіске жетіп, қайта елімізге ұшсақ деп жоспарлап отырмыз.  

— Сіздің командаңыз «Астанаға» қарсы ашық футбол ойнауға дайын ба?

— Ең бастысы, бірінші ойында өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Егер ол қолымыздан келген жағдайда, қарымта ойында ашық футбол өрбіп, голдар көп болуы мүмкін.

— Сіздің командаңыз ертеңгі ойында бес қорғаушы жүйесімен ойнайды ма?

 Мен ол туралы айта алмаймын. Бізде әртүрлі ойын жүйесі қойылған. Менің командамда қорғаныста сапалы ойыншылар жетерлік. Жалпы алғанда, біз кездесуге толықтай дайынбыз.

— Бірнеше жыл бұрын «Мидтьюлланд» Еуропа Лигасында «Манчестер Юнайтед» командасын жеңіп айды аспанға бірақ шығарған еді. Сіздің командаңыз қайтадан ғажайып көрсетуге дайын ма?

— Бізге «Астананы» жеңу үшін қандай да бір ғажайыптың қажеті бар деп ойлайсыз ба?

 

fcastana.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

1 комментарий к записи “«Мидтьюлландтың» бас бапкері: «Бізді қиын кездесу күтіп тұрғанын білеміз»”

  1. Champions league:

    Біздің журналистердін дені сау емес қойған сұрақтарын қарашы ұят


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.