темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Станимир Стоилов: «Жанкүйерлерді «Астана» мен «Қайратқа» қолдау көрсетуге шақырамын»

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов отандық жанкүйерлерді еурокубок турнирлерінің қарымта кездесулерінде «Астана» мен «Қайрат» командаларына қолдау көрсетуге шақырды.

— Алғашқы ойынның қорытындысы бойынша «Астана» мен «Қайрат» қарсыластарына жол берді. Жанкүйерлер отандық клубтарға деген сенімін жоғалтпай, қолдауын жалғастырады деп үміттенемін. Жауапты ойында екі клубтың ойыншылары бар күшін жұмсап, соңына дейін күреседі деп ойлаймын. «Астана» мен «Қайратқа» қиын қарсыластар түсті. Алғашқы кездесулер соның дәлелі. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Астана» мен «Қайрат» жарысты жалғастырады деп сенемін. Барша жанкүйерлерді еурокубок маусымында ел намысын қорғап жатқан клубтарға қолдау көрсетуге шақырамын!

kff.kz

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.